Все новости за 10 тамыз 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Түркістан облысында жаңа зауыт іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында отандық инвесторлар 4 өндіріс кешенін іске қосты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Қазақстандық музыканттың ремиксі әлемнің 20 елінде танымал болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франциялық орындаушы K Maro-ның Femme Like U хитына жазылған қазақстандық Мадияр Оңалдиннің ремиксі Spotify-де 10 миллионнан аса, Apple Music-те 12 миллионнан аса тыңдалым жинады, деп жазды aikyn.kz.
-
Жамбыл облысында ауыл тұрғыны бұлақ суына 35 мың шабақ жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыған дейін егін егіп, диқаншылықпен айналысқан Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғыны Қанат Жұманов бұлақ суынан жиналған бассейінде 35 мың форель шабағын өсіруде. Ол жылы бассейнде өсіріліп жатқан шабақтан 30 тоннадай балық аулауды межелеп отыр.
-
Месси медициналық тексеруден өту үшін Парижге келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбі күні Парижге келген аргентиналық шабуылшы Лионель Месси Бурже әуежайынан Франция астанасының батыс шетінде, Нойли-сюр-Сен қаласында орналасқан американдық ауруханаға бет алды. Онда футболшы медициналық тексеруден өтеді деп хабарлайды ҚазАқпарат BFM телеарнасына сілтеме жасап.
-
Алжирде орман өртінен 7 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алжирдің Тизи-Узу провинциясында орман өртінен 7 адам қаза тапты деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Ақмолада бірнеше рет сотталған теміртаулық жоқ пәтерлерді жалға берген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмолада Теміртау қаласының тұрғыны жоқ пәтерлерді жалға берді деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Абай шығармаларынан тәлім алған өскелең ұрпақ ұлт мақтанышына айналсын – Райымқұлова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 10 тамыз - əлемдік деңгейдегі ойшыл, руханиятымыздың алып бəйтерегі Абай Құнанбайұлының туған күні. Осыған орай Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әлеуметтік желідегі парақшасында Хакім Абай күнімен құттықтады.
-
Президенттік Жастар кадрлық резервінің екі мүшесі басшылық қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттік Жастар кадрлық резерві бойынша тағы екі резервші қызметкер тағайындалды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
Мал азығы жағдайын тұрақтандыруға қатысты ауқымды жұмыс күтіп тұр – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен министрлік жанындағы жем-шөппен қамтамасыз ету жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысы өтті.
-
«Қазпошта» Алматы облысының Бәйтерек ауылында болған жағдайға қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық пошта операторының жүзеге асыратын жобалары аудан орталықтарында және ауылдарда тұратын қазақстандықтардың қажеттіліктерін өтеуге бағытталған.
-
Мусин: Абайдың мол мұрасы біз үшін ғана емес, күллі адамзат үшін бағалы мирас
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай күні - бұл «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі» насихаттап, «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» сияқты құндылықтарды ұлықтайтын тағылымды мереке.
-
Армиялық спортшылар самбодан Қазақстан кубогын жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда самбодан Қазақстан кубогы өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам спортшы бақ сынады.
-
Заңнамамызда «Кибербуллинг» термині жоқ – заңгер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір әлеуметтік желінің дамуы киберкеңістіктегі қылмыстардың көбеюіне алып келуде. Заңгерлер халық көбіне білім саласы, медицина, әлеуметтік салалар, банк жүйесінде түрлі қылмыстың құрбанына айналады дейді.
-
БҚО-да 35 жастағы жігіт анасын өлтірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстанда туған анасын өлтірген ер адам ұсталды.
-
Шарын ұлттық паркінде экорейд өткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шарын шатқалы - сарайлар алқабы» туристік бағытында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында «Табиғат тағдыры – біздің қолымызда!» атты экорейд өткізілді.
-
Майя Манеза қызды болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлет Майя Манеза екінші рет ана атанды.
-
АҚШ-та COVID-19 жұқтырған балалар саны артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та коронавирус инфекциясы балалардың арасында жиі тарай бастаған.
-
Сақ қорымдарынан табылған қазыналар Ұлыбритания музейінде көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысындағы ежелгі сақ қорымдарынан табылған 300 алтын артефакт алғаш рет Ұлыбританияның Кембридждегі Фицуильям музейіне қойылады.
-
Темекі шегу антиденеге қаншалықты әсер етеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапон ғалымдары темекінің вакцинадан кейін қалыптасатын антиденеге зиян екенін анықтады.
-
Алматы облысы Маңғыстауға 82 тонна шөп жіберді
Алматы, BAQ.KZ. Қуаңшылыққа тап болған Маңғыстау халқына Алматы облысының Ескелді ауданынан 5 вагон шөп жіберілді. Бұл туралы Жетісу Медиа хабарлады.
-
Жаңабергенов: Төрешілер Сәкен Бибосыновқа әділетсіздік жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан 2005 жылғы әлем және Азия чемпионы Ердос Жаңабергенов қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың Токио Олимпиадасындағы жекпе-жегіне қатысты өз пікірін айтты, деп жазды Olympic.kz.
-
Қызметкері вакцина салдырмаған кәсіпкерге айыппұл салу заңсыз – «Атамекен»
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы шыққаннан кейін әлеуметтік желіде кәсіпорындарда вакцина салдырмаған қызметкерлер бар болғаны үшін кәсіпкерлерге айыппұл салынады деген ақпарат тарады.
-
Павлодарда ер адам қайырымдылық жәшігін ұрлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда ер адам қайырымдылық жәшігін ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Нұр-Сұлтанда қыркүйекте екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл қыркүйек айында Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады.
-
Маңғыстауда рейд кезінде борышкерлердің 34 автокөлігі ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында рейдтік іс-шара кезінде 5 ай бойы борышкерлердің іздеуде жүрген 34 автокөлігі ұсталған.
-
«Baqytty Bala - 2021» байқауына 7 елден келген жас дарындар қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Baqytty Bala» үшінші балалар вокалдық байқауының қазылар алқасымен және құрметті қонақтарымен кездесті.
-
Сұлтанов ЕАЭО аясында отандық кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі заманғы саудада, әсіресе халықаралық саудада, сатылатын өнімнің болуы ғана емес, сонымен қатар берілген стандарттарға сәйкес келетін сапалы өнімнің болуы маңызды.
-
«Елім-ай»: Қоршаған ортаны қорғау саласында байқау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 10 тамызда қоршаған ортаны қорғау саласындағы «Елім-ай» II республикалық сыйлығын тағайындау бойынша байқау бастау алады.
-
Сотталған балалар Абай күнін атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленіп, еліміз бойынша қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасы кеңінен насихатталған болатын.
-
Павлодарда 1223 техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігін қадағалайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау - кәсіподақтардың қызметіндегі басты бағыттардың бірі. Кәсіпорындарда еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету бойынша ішкі бақылауды, республика бойынша 17 мың техникалық инспектор, Павлодар облысының кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 840 өндірістік кеңестің құрамында жұмыс істейтін кәсіподақтан 1223 техникалық инспектор жүзеге асырады.
-
КВИ кезінде күйзеліске түскен науқастарды емдеу қиын – дәрігер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев онлайн брифинг барысында мәлімдеді.
-
Маңғыстау облысында мал шығыны көбейіп жатыр ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілішісі. Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев қазіргі уақытта Маңғыстау облысында мал шығыны көбеюде ме? деген сұраққа жауап берді.
-
Sinopharm вакцинасы 3-17 жас аралығындағы балаларға салынатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Sinopharm Қытай вакцинасы туралы ақпарат таратты.
-
Ақынның 176 жылдығы: Қазақстандықтар Абай күнін тойлап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абайдың 176 жылдығын мерекелеу аясында «Елбасы медалі» бағдарламасының 50-ден астам қатысушысы Абайдың халық арасында кеңінен таралған сүйікті «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң» әндерін орындап, ақынның бейнесін жасау бойынша акциясын ұйымдастырды.
-
Тоқаев: Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
-
Алматыда тағы бір орталық КВИ науқастарды қайта қабылдап жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев онлайн брифинг барысында мәлімдеді.
-
Қуаңшылық: Маңғыстау және Қызылорда облыстарына 4,5 млрд теңге бөлінуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев мәлім етті.
-
Жоғары әскери оқу орындарына 760-тан астам адам оқуға қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс ведомствосындағы кезекті аппараттық кеңесте жауынгерлік даярлық, әскери білім беру және заң шығару қызметіне қатысты мәселелер қаралды.
-
Қазақстанға Vero Cell вакцинасы жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Air Astana Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын Бейжіңнен тікелей тасымалдады.
-
Қасымбек: Қысқы мал азығын дайындау бойынша кестеден озып келеміз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл ыстық және құрғақ ауа райына байланысты тұрғындарда қысқы мал азығын дайындау қарқыны туралы көптеген сұрақ туындауда. Бұл алаңдаушылықты Ұлытау ауданындағы өрт те күшейтті, деп жазды Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында.
-
«Көзімнің қарасы...»
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Бір әріп үйреткен ұстазға қырық жыл қызмет қыл» дейді.
-
Марат Шакен стартаптарда кездесетін мәселені атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Astana Hub» Seed money бағдарламасының іске қосылуы туралы өткен брифингте «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің PR, маркетинг және ивенттер кеңсесінің директоры Марат Шакен айтты.
-
Мұғалжар көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елордалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Мұғалжар көшесінде жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Алматының Түрксіб ауданында 150-ге жуық көше жөнделеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров онлайн брифингте мердігер ұйымдар жол құрылысы мен көлік инфрақұрылымының сапасын жақсартқанын айтты. Аудан әкімдігі Әлмерек, Қайрат және Нұршашқан шағын аудандарында жол құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.
-
Seed money бағдарламасы аясында стартаптар қаржыландырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Astana Hub» Seed money бағдарламасының іске қосылуы туралы өткен брифингте «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің PR, маркетинг және ивенттер кеңсесінің директоры Марат Шакен айтты.
-
Қазақстанда көмір тұтыну көлемі 3 млн тоннаға жуық азаяды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ИИДМ жасаған алдағы жылыту маусымына қажеттілік жоспарына сәйкес, алдағы қыста елімізде көмірді тұтыну көлемі 10 млн тоннадан 7,3 млн тоннаға дейін төмендейді.
-
Отанына оралғысы келетін Моңғолия азаматтары репатриациялық рейстерді пайдалана алады
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы елшілігі мен «HunnuAir» авиакомпаниясы 14 тамызда Ұлан-Батор- Нұр-Сұлтан - Ұлан -Батор және 2021 жылы 19 тамызда Ұлан-Батор - Алматы - Ұлан-Батор бағытында арнайы рейс ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады.
-
Pfizer вакцинасы балалар мен жүкті әйелдерге ғана қолжетімді болады – Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустан ревакцинация қашан болатынын айтты. Coronavirus2020 telegram каналында министрмен болған видеосұхбат жарияланды.
-
Білім күнінде 1-сынып оқушыларына Әліппе салтанатты түрде табысталады – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында айтты.
-
Қатерлі шабуылдарға тек сыртта ғана емес, іште де тойтарыс беруге дайын болған жөн – Расул Жұмалы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біздің қоғамдық санада әлемдік саясаттағы оқиғалар Қазақстанға айтарлықтай әсер етпейді, әлдекімдер өзара жаға жыртысып жатса, одан қазаққа келіп жатқан зиян жоқ сынды түсінік кең тараған, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Расул Жұмалы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
-
Мақтааралда жыл соңына дейін 2 ірі кәсіпорын іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданына облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов пен «Түркістан» индустриалды аймақтарының басқарушы компаниясының бас директоры Серік Медетбеков жұмыс сапарымен келіп, аудандағы бірнеше кәсіпорынды аралады.
-
Теміртауда 27 жастағы тұрғынға оқ атқан күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамыз айының 8-нен 9-ына қараған түні Ескіқалалық полиция бөліміне орталық ауруханаға әртүрлі дене жарақаттарымен 27 жастағы қала тұрғыны жатқызылғаны туралы ақпарат түскен.
-
Цой ревакцинация қашан болатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустан ревакцинация қашан болатынын айтты. Coronavirus2020 telegram каналында министрмен болған видеосұхбат жарияланды.
-
Павлодар облысының Құрылыс басқармасына басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының құрылыс басқармасына Қадылжан Сәтиев басшылық етеді.
-
Абай күні. Елордадағы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін – қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. Ақынның туғанына биыл 176 жыл толып отыр. Жыл сайын 10 тамызда Абай күні аталып өтеді. Ұлы ақынның туған күніне орай Мемлекеттік хатшы, Президент әкімшілігі, Үкімет мүшелері мен зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойып, ақынды ұлықтады.
-
Найзағай түсті. Алматыдан ұшып шыққан ұшақ кері қайтқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Air Astana ұшаққа найзағайдың түсуі туралы түсінік берді.
-
Елімізде 2050 жылға қарай жұмыс күшінің саны шамамен 11,4 млн адам болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы аясында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Қазақстан бойынша 2050 жылға дейін ұзақмерзімді демографиялық болжам дайындады.
-
Семейде көпірдің бір бөлігі опырылып түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімдігі көлік пен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді жабу туралы шешім қабылдады.
-
ШҚО-да коммерциялық тұрғын үй құрылысы артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, аймақта бюджеттік баспанамен қатар жеке құрылыс компаниялары салатын пәтерлерге де сұраныс артып келеді.
-
Елімізде 5,7 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші дозасын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 10 тамыз күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы өзгеріссіз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
КВИ-ге шалдыққан 402 пациенттің жағдайы өте ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 10 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
-
Өткен тәулікте 7702 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.RZ. Қазақстанда өткен тәулікте 7702 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 7235 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 7235 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды. Бұл туралыCOVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Месси «ПСЖ» сапында қай нөмірде ойнайтыны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Marca мәліметінше, аргентиналық шабуылшы париждік командада қандай нөмірде ойнайтынын шешіп қойған.
-
Шетелдік көліктер Қазақстан аумағынан шығарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 30 қыркүйекке дейін Қазақстан аумағынан қандай көліктердің шығарылуы керектігін айтты.
-
Германияда коронавирустың апталық көрсеткіші артып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда коронавирус инфекцияның апталық орташа көрсеткіші артып келеді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы.
-
Сәкен Бибосыновқа жерлестері көлік мінгізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновты түркістандық жанкүйерлері Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан күтіп алды.
-
Адамзатқа қауіп төніп тұр – ғалымдар тағы да дабыл қақты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2001-2020 жылдары Жердің жаһандық температурасы 1850-1900 жылдар аралығындағы кезеңмен салыстырғанда 0,99 градусқа жоғары екені анықталды және осы процесс әрі қарай да жалғасады.
-
Семейде Абай күні аталып өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының туған күні аясында бірқатар мерекелік іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс.
-
Уханьда 11 млн адам коронавирус тестінен өткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Коронавирус алғаш рет осы қаладан тарады» делінген Қытайдың Ухань қаласының билігі вирус қайта күшейген соң 11 миллионнан астам қала тұрғынын коронавирус тестінен өткізгенін хабарлады.
-
Алматыда блок-бекеттер қойылып жатқаны рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желі қолданушылары Алматы маңында әскери техника қойылған блок-бекеттер қойылатыны туралы хабарламаны өзара бөлісіп жатыр.
-
Жазғы Олимпиада туы Париж қаласына табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарының туы Париж қаласына табысталды.
Наверх