Шарын ұлттық паркінде экорейд өткізілді

10 Тамыз 2021, 19:08
1742
Бөлісу:
Шарын ұлттық паркінде экорейд өткізілді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шарын шатқалы - сарайлар алқабы» туристік бағытында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында «Табиғат тағдыры – біздің қолымызда!» атты экорейд өткізілді. 

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Экоакция барысында келушілерге туристік маршруттарда санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау туралы түсіндірме парақшалар таратылды, сондай-ақ аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді.


Оған парк қызметкерлері, Алматы облысы Ұйғыр аудандық полиция бөлімшесі қызметкерлері мен еріктілер атсалысты. Сондай-ақ Қазақстанның Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева да қатысты.

Табиғат-біздің үйіміз, байлығымыз. Адам өз үйін таза ұстайды, ауласын тазалайды. Сондықтан табиғатқа да осылай қарау керек, - деді Роза Рымбаева.
Рейд кезінде туристің белгіленбеген жерге қоқыс тастау фактісі тіркелді. Инспектор әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. Сонымен қатар туристер тобына саябақта тыйым салынған өзенге шомылуға байланысты маршруттарда белгіленген ережелерді сақтау қажеттілігі туралы ескертілді.
Өзгелердің жаңалығы