Тоқаев: Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз

10 Тамыз 2021, 14:35
3672
Бөлісу:
Тоқаев: Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Бүгін – Абай күні. Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз. Өйткені халқымыздың болмыс-бітімі, ділі, дүниетанымы оның шығармашылығында тұтастай көрініс тапқан. Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек, - деп жазды ол.
 

Айта кетейік, бүгін – қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. Ақынның туғанына биыл 176 жыл толып отыр. Жыл сайын 10 тамызда Абай күні аталып өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы