Марат Шакен стартаптарда кездесетін мәселені атады

10 Тамыз 2021, 13:09
1006
Бөлісу:
Марат Шакен стартаптарда кездесетін мәселені атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Astana Hub» Seed money бағдарламасының іске қосылуы туралы өткен брифингте «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің PR, маркетинг және ивенттер кеңсесінің директоры Марат Шакен айтты. 

Astana Hub-тың басты міндеті-IT-кәсіпкерлер мен стартаптарды қолдау, олардың әлеуетін дамыту және нарыққа шығару. Әр жобаны әзірлеу кезінде біз алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибеге жүгінеміз және бір уақытта өзіміздің жеке тәжірибемізді жүзеге асырамыз, - деді Шакен.

Ол атағандай, Astana Hub-та акселерацияның 9 ағыны өтті, оған 232 стартап қатысты.

 

Біз IT-кәсіпкерлердің кері байланысын зерттедік және барлық стартаптың басты проблемаларының бірі инвестициялар тарту болып табылатынын анықтадық, өйткені қаржыландырусыз жобалар жұмысын тоқтатады. Осыны ескере отырып, біз дамудың әртүрлі кезеңдерінде it-стартаптарды қаржыландырудың жаңа бағдарламасы – Seed Money-ды әзірледік. Seed Money қаржыландыру IT-стартаптар үшін MVP, product/market fit және scale кезеңдерінде қолжетімді, - деді Марат Шакен.

 

Өзгелердің жаңалығы