Германияда коронавирустың апталық көрсеткіші артып келеді

10 Тамыз 2021, 06:23
2418
Бөлісу:
Германияда коронавирустың апталық көрсеткіші артып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда коронавирус инфекцияның апталық орташа көрсеткіші артып келеді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы.

Роберт Кох атындағы институт бұл көрсеткіштің 100 мың адамға шаққанда 17,8-ден 23,1 жағдайға дейін артқанын тіркеді. 

Өткен тәулікте 1 183 жаңа инфекция расталып, 2 адам қайтыс болған. Жалпы 84 миллион тұрғыны бар ГФР 3 791 949 адамда коронавирус инфекциясы дерегін анықтады. Бұл ретте, ГФР тұрғындарының жартысынан көбі COVID-19-ға қарсы толықтай егілгенін атап өткен жөн. 

Әзербайжанда пандемия басталғаннан бері бес мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. 2020 жылдың ақпан айының соңынан бастап Әзербайжанда коронавирустық инфекцияның жалпы 351 825 жағдайы анықталған. Өткен күннің өзінде COVID-19 жұқтыру жағдайының 220 жаңа фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта ауруханалардың реанимациялық бөлімшелерінде коронавирус жұқтырған 11 737 адам емделуде.


Өзгелердің жаңалығы