Майя Манеза қызды болды

10 Тамыз 2021, 18:41
3081
Бөлісу:
Майя Манеза қызды болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлет Майя Манеза екінші рет ана атанды.

Бұл туралы отандық спортшы әлеуметтік желілердегі парақшасында жариялаған. 

Ауыр атлеттер Майя Манеза мен Вячеслав Ершовтың отбасында қыз бала дүниеге келді. Олар қызына Алина есімін қойған.

Бүгін менің отбасымда өте маңызды, әсерлі және бақытты күн! Сүйікті күйеуім Вячеслав екеуміз тағы бір нәрестенің ата-анасы болдық! Алинамыздың салмағы 4 келі, 54 сантиметр. Хас сұлудың өзі! Аллаға шүкіршілік етемін, - деп жазды Майя.
Еске салсақ, 2013 жылдың 19 тамызында Майя Манеза Арсений атты ұлын босанды. Манеза мен 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, бұрынғы ауыр атлет Ершов 2013 жылдың сәуірінде отбасын құрған.


Өзгелердің жаңалығы