Цой ревакцинация қашан болатынын айтты

10 Тамыз 2021, 10:57
6413
Бөлісу:
Цой ревакцинация қашан болатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустан ревакцинация қашан болатынын айтты. Coronavirus2020 telegram каналында министрмен болған видеосұхбат жарияланды.

Иә, бізде ревакцинация жасау жоспарланып жатыр. Қазір біз әдістерді анықтаймыз. Бірақ ревакцинацияның екі түрлі ұғымы бар. Шұғыл түрі - ұжымдық иммунитетті алғанға дейін 60-70%-дың болуы. Жоспарлы ревакцинация - ол әдетте жылына бір рет жасалады. Яғни, біз қазір бұларды бөліп жатырмыз, өйткені Қазақстан ақпан айынан бастап вакцинациялауды бастады. Халықтың басым бөлігі маусым-шілде айларында вакцина алды. Сондықтан бізде әлі антидене сақталған. Мүмкін шамамен екінші дозаны алғаннан тоғыз айдан кейін біз оны күнтізбеге енгіземіз. Қазір біз осыны анықтап, әріптестерімізбен мәселені қарап жатырмыз, - деді Алексей Цой.

Министр атағандай, ревакцинация мәселесін өткен жылы егілген елдер көтере бастаған.

Бұл вакцинацияны былтыр бастап кеткен Израиль, АҚШ және Ресей елдері көтеріп отыр. Оларда вакцинаның алғашқы дозасын алғаннан бері 9 ай өтті. Сондықтан да бізге осы кезеңде, яғни қазан айына таман ревакцинация жасау мәселесі туындауы мүмкін. Жоспарлы түрде 1 қазанға келіп тұр, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы