Мусин: Абайдың мол мұрасы біз үшін ғана емес, күллі адамзат үшін бағалы мирас

10 Тамыз 2021, 20:03
4615
Бөлісу:
Мусин: Абайдың мол мұрасы біз үшін ғана емес, күллі адамзат үшін бағалы мирас

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай күні - бұл «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі» насихаттап, «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» сияқты құндылықтарды ұлықтайтын тағылымды мереке.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында жазды.

Мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыда дамуымыз үшін өткізілмек деген болатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Расында, зымыраған өткінші өмірде адами тұлғаны сақтап қалуға жол сілтеген данышпан Абайдың мол мұрасы біз үшін ғана емес, күллі адамзат үшін бағалы мирас. Осы мирасты қастер тұтып, ақын айтқан асыл істермен ұлт бақыты үшін жұмыла қызмет етейік. Абай күні құтты болсын!, - деп құттықтауын жолдады министр. 


 

Өзгелердің жаңалығы