Нұр-Сұлтанда қыркүйекте екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады

10 Тамыз 2021, 16:55
5898
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда қыркүйекте екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл қыркүйек айында Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады.

Нұр-Сұлтанда қыркүйекте екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады

Елордада жылжымайтын мүлікті осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындары ұтып ала алады. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пунктінде екпе алғандар қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүргізіледі. Арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны тікелей эфирде өтеді.

Нұр-Сұлтанда қыркүйекте екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады

Елорда әкімдігі вакцина алғандар арасында iPhone12 және басқа да құнды жүлделердің ұтыс ойынын апта сайын өткізіп тұратынын еске саламыз. Мысалы, 9 шілдеден бастап вакцинацияланғандардың арасында iPhone 12 телефонының 13 данасы, сол сияқты төрт тоңазытқыш, үш теледидар, екі планшет, үш микротолқынды пеш, бес принтер, екі бейнетіркегіш, кір жуғыш машина, Алиса ақылды колонкасы және ауаны ылғалдандырғыш ойнатылды. 

Нұр-Сұлтанда қыркүйекте екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады

Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Вакцина алғандар арасында iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың кезекті алтыншы ұтыс ойыны 14 тамыз күні (сенбі) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

Нұр-Сұлтанда қыркүйекте екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады

Сондай-ақ «MEGA Silk Way» СОО-дағы вакцинация пунктінде 23 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинацияның бірінші компонентін алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді.

Нұр-Сұлтанда қыркүйекте екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады

Бұдан бөлек, екпе алғандар арасында бағалы жүлделердің ұтыс ойыны өзге де СОО мен СҮ-лердегі вакцинация пункттерінде өтеді.

Birge (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық қатысты. Екпе алғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары қала тұрғындарын вакцинациялауға ынталандыру үшін өткізіледі. Вакцинация ғана өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы жандардың денсаулығын да қорғауға мүмкіндік береді. 

Өйткені басты мақсат – ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу.

Өзгелердің жаңалығы