Жазғы Олимпиада туы Париж қаласына табысталды

10 Тамыз 2021, 00:19
1209
Бөлісу:
Жазғы Олимпиада туы Париж қаласына табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарының туы Париж қаласына табысталды.

Осылайша келесі XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылы Франция астанасында өтпек. Олимпиада туын табыстау рәсімі Эйфель мұнарасы маңында ұйымдастырылды. Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах туды Париж қаласының мэрі Анн Идальгоға ұстатты.

Айта кетейік, бұған дейін Францияда жазғы ойындар екі мәрте өткізілген болатын. Әлемдік дәрежедегі спорт сайысы Парижде 1900 және 1920 жылдары өткен еді.

Өзгелердің жаңалығы