КВИ кезінде күйзеліске түскен науқастарды емдеу қиын – дәрігер

10 Тамыз 2021, 15:16
14127
Бөлісу:
КВИ кезінде күйзеліске түскен науқастарды емдеу қиын – дәрігер

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, күйзеліске түскен науқастар дәрігерді де, басқасын да тыңдамайды.

Күйзеліске түскен науқастарды емдеу қиын. Оларға міндетті түрде психолог пен психиатрдың көмегі қажет болады. Бұған дейін психикалық ауытқуы бар науқастар да емдеуден өтеді. Біз оларға психиатриялық көмекпен қатар коронавирустан емдейміз, - дейді дәрігер. 
Сонымен қатар ол коронавирус кезінде адамдардың иіс, дәм сезуден қалуы психикалық ауруға қатысы жоқ екенін айтты.

Иіс сезу қабілетінің жоғалып кетуі - рецептордың сезімталдығы жоғалғанының белгісі. Қазір шетелдік дәрігерлер ондай кезде лимонды жиі иіскеп тұруға кеңес береді. Ол рецепторды қабындырып, иіс сезуді жылдам қайтарады.

Бұған дейін Алматыда тағы бір орталық КВИ науқастарды қайта қабылдап жатқаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы