Абай күні. Елордадағы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

10 Тамыз 2021, 10:30
4754
Бөлісу:
Абай күні. Елордадағы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін – қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. Ақынның туғанына биыл 176 жыл толып отыр. Жыл сайын 10 тамызда Абай күні аталып өтеді. Ұлы ақынның туған күніне орай Мемлекеттік хатшы, Президент әкімшілігі, Үкімет мүшелері мен зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойып, ақынды ұлықтады.

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев бұл күн Тәуелсіз еліміздің рухани күні екенін атады. 

Абай күні. Елордадағы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Ұлы Абайға тағзым етеміз, Ұлы Абайдан жасампаз істерімізге рухани қолдау табамыз. «Біріңді, қазақ,бірің дос көрмесең-істің бәрі бос» деп кеткен ақынның өсиетін орындау парызымыз. Барды бағалап, жоқты саралап, тәуелсіздігімізден жаңылмай, тәуекелден айнымай, тәуелсіздік тасын өрге сүйрелеген халқымыздың жасампаз еңбегінің рухани тірегі Абай болып отыр. Бүгін Абай қасымызда емес деп Тәңірге өкпе айта алмаймыз. Алла Тағала мен қазақ халқына Ұлы Абайды сыйлағаны үшін алғыс айтамыз,-деді Көшербаев. 

Абай күні. Елордадағы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Өз кезегінде Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов өткен жылды Мемлекет басшысы Абай жылы мен оның туған күнін Абай күні деп атағанын жеткізді. 

Абай күні. Елордадағы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Барша қазақстандықты Абай күнімен құттықтаймын. Біз бүгін Абай күнінде ақынның ескерткішіне кеп ұлықтап жатырмыз. Абай күні мерейлі шаралар өтуі керек. Бұл күн қазақстандықтар үшін есеп беру күні болуы керек. Әр қазақстандық «Мен не істедім, кім болдым?» деген сұрақтарға жауап беруі керек. Сол кезде бұл күннің мазмұны мен мағынасы атына сай болады,-деді Ерлан Сыдықов. 

Абай күні. Елордадағы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Айта кетейік, Қазақстан Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып бекітілді.

Өзгелердің жаңалығы