Павлодарда 1223 техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігін қадағалайды

10 Тамыз 2021, 15:32
4294
Бөлісу:
Павлодарда 1223 техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігін қадағалайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау - кәсіподақтардың қызметіндегі басты бағыттардың бірі. Кәсіпорындарда еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету бойынша ішкі бақылауды, республика бойынша 17 мың техникалық инспектор, Павлодар облысының кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 840 өндірістік кеңестің құрамында жұмыс істейтін кәсіподақтан 1223 техникалық инспектор жүзеге асырады.

Бұл туралы «Павлодар облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытында өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша қадамдық жол картасы әзірленді. Жалпы мақсаты - нөлдік жарақаттануға қол жеткізу үшін басшылық пен кәсіподақ комитеті күш-жігерін жұмылдырды. «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауытының бас директоры В.Я. Чихичин кәсіпорынның кәсіподақ комитетінің Жол картасын қабылдау және оны орындау бойынша бірлескен іс-қимылдарды шоғырландыру жөніндегі бастамасын жан-жақты қолдады.

Жол картасында еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың біліктілігін кәсіпорынға барып оқытудың заманауи әдістері мен заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып арттыру, «бастауыш кәсіподақ ұйымы жылына» арналған іс-шараларды интернетте еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қоғамдық бақылау туралы жариялау мәселелері қозғалды: ақпараттық науқанын өткізу, қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды жүргізу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өндірістік кеңестің қызметіне мониторинг жүргізу және еңбек қауіпсіздігінің басқа да мәселелері бойынша шаралар қабылданатын болады.

Зауыт кәсіподақ комитетінің еңбекті қорғау жөніндегі маманы Линар Рахадилов «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысының негізгі бағыттарын атады.

Оның бірі - еңбекті қорғау жөніндегі 94-техникалық инспектордың және құрамында кәсіподақ өкілдері белсенді жұмыс істейтін кәсіпорынның өндірістік кеңесінің қатысуымен жүзеге асырылатын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қоғамдық бақылау болып табылады, - дейді ол.

Өндірістік кеңес өндірістік кеңестің бекітілген ережесі мен жұмыс регламентінің негізінде директордың өндіріс жөніндегі орынбасарының төрағалық етуімен 5 жылдан астам еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды тексеру нәтижелерін қарайды және тиісті шаралар қабылдайды. 

Кәсіподақ конференциясында сайланған техникалық инспекторлар өндірістік кеңестің құрамына кіреді, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы ереже негізінде жұмыс істейді. Ұжымдық шарттың ережелеріне сәйкес, Қауіпсіздік техникасының бұзылуын анықтау мақсатында жұмыс орындарын, өндірістік және санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды, асханаларды аралауды жүзеге асыру үшін оларға айына 5 сағат жұмыс уақыты беріледі. Анықталған бұзушылықтар сигналдық парақтармен, тексеру туралы есептермен, еңбекті қорғауды ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі ұсыныстармен ресімделеді.

Зауыттың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасының сөзінше, ай сайын техникалық инспекторлар өз жұмысы туралы өндірістік кеңестің алдында есеп береді.

2021 жылдың 1-тоқсанында 413 жұмыс орнын аралау жүргізілді, 521 бұзушылық анықталды, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша 130 ұсыныс жасалды, 234 сигналдық парақ ресімделді. Кәсіподақ сайлаған еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысындағы ең бастысы-нөлдік жарақатқа қол жеткізу. Біздің ортақ міндетіміз – қызметкерлердің денсаулығы!, - дейді Сухотерин Николай. 

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанова еңбек жағдайларын жақсартуға және қауіпсіз жұмыс орындарын құруға қоғамдық бақылау кәсіподақтардың қолында екенін атап өтті. Ақсу ферроқорытпа зауытында өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша қабылданған Жол Картасы бір ортақ міндетті шешуде жұмыс беруші мен мыңдаған ұжым жұмыскерлері өкілінің күшін біріктірді. Мысалы, Тараптар өндірістік кеңестің отырыстарында нәтижелер мен қабылданған шешімдерді үнемі жариялау, сондай-ақ жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау туралы келісті.

Өзгелердің жаңалығы