Адамзатқа қауіп төніп тұр – ғалымдар тағы да дабыл қақты

10 Тамыз 2021, 04:19
1143
Бөлісу:
Адамзатқа қауіп төніп тұр – ғалымдар тағы да дабыл қақты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2001-2020 жылдары Жердің жаһандық температурасы 1850-1900 жылдар аралығындағы кезеңмен салыстырғанда 0,99 градусқа жоғары екені анықталды және осы процесс әрі қарай да жалғасады. 

Бұл туралы Климат жөніндегі халықаралық сарапшылар тобы жариялаған жаңа есепте айтылған, деп хабарлайды РИА Новости.

Климат жөніндегі халықаралық сарапшылар тобы - Жер бетіндегі климаттың өзгеруі туралы мәліметтерді жинақтайтын тәуелсіз ғылыми-консультациялық орган. Ғалымдар адамзаттың климатты өзгертіп жатқанына назар аударып, нәтижесінде осындай ұйым құрылды.

Сарапшылар тобы әрбір алты жыл сайын ғаламшар климаты туралы баяндама жариялайды. Бұл баяндама газ шығуын азайту және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша халықаралық келісімдерге негіз болып отыр.

Жер бетіндегі жаһандық температура ХХІ ғасырдың ортасына дейін өсе береді. Алдағы бірнеше онжылдықта СО2 мен басқа да газдың ауаға шығарылуы азаймаса, онда жаһандық жылыну 1,5°C және 2°C-қа жетеді, – деп жазылған баяндамада.
Ғалымдардың пікірінше, жаһандық жылыну 2011-2020 жылдар аралығында 1,09 градусқа өскен. Жер бетіндегі температура 1,59 градусқа, мұхиттағы температура 0,88 градусқа көтерілген.
ХХІ ғасырдың екі онжылдығында жер бетінің температурасы 1850-1900 жылдар аралығындағы кезеңмен салыстырғанда 0,99 градусқа жоғары болды, – деп жазылған баяндамада.
Баяндама авторлары жаһандық жылынудың үдеуіне адамдардың тікелей әсер етіп отырғанына күмән келтірмейді.
Адамдардың ықпалымен атмосфера, мұхит пен жердің жылынғаны анық. Қазір атмосфера, мұхит, криосфера және биосферадағы ауқымды әрі жедел өзгерістердің куәсі болып отырмыз, – деп жазылған құжатта.

Ғалымдар Арктика мұзы толық еритінін айтып отыр. Олардың болжамынша, бұл 2050 жылға дейін жаздың бірінде болады.

Өзгелердің жаңалығы