Найзағай түсті. Алматыдан ұшып шыққан ұшақ кері қайтқан

10 Тамыз 2021, 10:14
4680
Бөлісу:
Найзағай түсті. Алматыдан ұшып шыққан ұшақ кері қайтқан

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Air Astana ұшаққа найзағайдың түсуі туралы түсінік берді.

 

 

9 тамызда «Алматы-Тбилиси» бағыты бойынша КС139 рейсін орындаған борт Алматы уақыты бойынша сағат 20:30-да ұшып шығып, найзағай түсуі мүмкін деген себеппен кері қайтты, - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.  

Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. 

Компания хабарлағандай, бортты ауыстырғаннан кейін жолаушылар белгіленген пунктке сағат 00:40-та ұшып кетті.

Ұшақтың инспекциясы толық көлемде орындалды, найзағайдың іздері табылған жоқ. Әуе кемесі қайта ұшуға дайын болды.

Бұған дейін «Алматы-Тбилиси» рейсінің жолаушысы ұшаққа найзағай түскенін айтқан болатын.

Ұшақ Тбилисиге ұшып шыққан соң, 40 минуттан кейін Алматы әуежайына оралды. Ұшаққа найзағай түсті дейді. Командир оралуға шешім қабылдады. Басқа бортқа ауыстыруы мүмкін, - деп жазды Елена. 
 



 

Өзгелердің жаңалығы