Қуаңшылық: Маңғыстау және Қызылорда облыстарына 4,5 млрд теңге бөлінуі мүмкін

10 Тамыз 2021, 14:11
7117
Бөлісу:
Қуаңшылық: Маңғыстау және Қызылорда облыстарына 4,5 млрд теңге бөлінуі мүмкін
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев мәлім етті.

Оның айтуынша, мемлекет қуаңшылықтан зардап шегіп отырған өңірлерге барынша қолдау көрсетуде. 

Қуаңшылық: Маңғыстау және Қызылорда облыстарына 4,5 млрд теңге бөлінуі мүмкін

Маңғыстау және Түркістан облыстарына тиісті көмек берілуде. Жем-шөп бағасын төмендету мақсатында 2 облысқа үкімет резервінен 3,6 млрд теңге бөлінді. Маңғыстау облысындағы шаруаларға ақша беру басталды. 20 тамыздан бастап Қызылорда облысының шаруаларына қаржы берілетін болады, - деді министр.
Сонымен қатар ол Маңғыстау және Қызылорда облыстарына «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ тарапынан нарықтағы бағадан 17 пайыздан төмен 1,7 мың тонна арпа сатылғанын, ол шаруа қожалықтарына берілгенін жария етті.

Қуаңшылық: Маңғыстау және Қызылорда облыстарына 4,5 млрд теңге бөлінуі мүмкін
«Қазақстан темір жолы» АҚ-ның жем-шөп тасымалдауға арналған теміржол тарифінің бағасы нарықтағы бағадан 77 пайызға төмен еді. Бұл тариф тамыздың аяғына дейін сақталатын болады. Осыған дейін ол шілденің аяғына дейін болған, – деді Ербол Қарашөкеев.
Онымен қоса, ол қазіргі таңда Қызылорда және Маңғыстау облыстарына жем-шөп дайындауға жергілікті бюджеттен қомақты қаржы қарастырылып жатқандығын айтты.

Қуаңшылық: Маңғыстау және Қызылорда облыстарына 4,5 млрд теңге бөлінуі мүмкін

Жергілікті бюджеттерден осы мақсатта 9,1 млрд теңге бөлінді. Оның сыртында қосымша 4,5 млрд теңгені бөлу мәселесі мәслихаттардың қарауынан өтуде. Алдағы уақытта бұл мәселенің шешімі шығады деген үміттеміз, – деді ол.
Қуаңшылық: Маңғыстау және Қызылорда облыстарына 4,5 млрд теңге бөлінуі мүмкін

Еске салсақ, еліміздің екі өңірін - Қызылорда және Маңғыстау облыстарын қуаңшылық салдары әбігерге салды. Мәселен, Қызылорда облысына қарасты Арал ауданында қуаңшылықтан төрт түлік мал қырылып жатқаны хабарланды. Кейіннен Арал ауданындағы қуаңшылыққа байланысты көмекке мұқтаж отбасыларға жәрдем беріліп жатқаны белгілі болды. Қазір ауданға 4 715 тонна шөп, 85,2 тонна жем жеткізілді. 
Өзгелердің жаңалығы