Уханьда 11 млн адам коронавирус тестінен өткізілді

10 Тамыз 2021, 02:24
1946
Бөлісу:
Уханьда 11 млн адам коронавирус тестінен өткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Коронавирус алғаш рет осы қаладан тарады» делінген Қытайдың Ухань қаласының билігі вирус қайта күшейген соң 11 миллионнан астам қала тұрғынын коронавирус тестінен өткізгенін хабарлады.

Ухань билігінің өкілі Ли Тао 8 тамыз күнгі баспасөз жиынында тест науқанының бес күн бұрын басталғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, 6 жасқа дейінгілерден басқа тұрғындардың барлығынан ПТР тест алынған.

Жаппай тест науқаны кезінде 9 адамнан коронавирус анықталған, барлығы карантинге жіберілген.

Соңғы мәлімет бойынша, қалада коронавирус жұқтырғандар 37 адамға жеткен. Одан бөлек, 41 адам коронавирустың "симптомсыз" түріне шалдыққан. Қала билігінің хабарлауынша, ПТР тест тапсыратын 2800 пунктіде 28 мыңнан астам медицина қызметкері істеген.

Бұған дейін қалада вирус жұқтырғандардың қайта көбеюіне байланысты қала билігі тұрғындарды жаппай тестіден өткізетінін хабарлаған еді.

Өзгелердің жаңалығы