Все новости за 13 наурыз 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Маңғыстауда Амал мерекесі тойланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында “Адай ата-Отпан тау” тарихи-мәдени кешенінде ынтымақ пен бірлікке шақырар дәстүрлі мейрам – Амал мерекесі аталып өтті.
-
#Тәуелсіздік30. Оқушылар гимназиадасы аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» ұйымдастырған Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасы мәресіне жетті.
-
Министр ғасыр жасаған композиторды құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, өнертану ғылымының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан және КСРО композиторлар одағының мүшесі Мәрия Ахметованы 100 жасқа келген мерейтойымен құттықтады.
-
Қызылордада коронавирусқа қарсы қосымша егу пункттері ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада коронавирус инфекциясына қарсы қосымша егу пункттері ашылды.
-
«Мың бала» ұлттық олимпиадасына тіркеу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 наурызға дейін ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысушыларды тіркеу жүргізіледі.
-
Қиясов: Сovid-19 денсаулық сақтау саласында кадр жетіспейтінін көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов Алматыға іссапармен барды, ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты жетекші ғылыми орталықтардың филиалдарымен танысты.
-
Алматыда коронавирустың таралуын тоқтату жөнінде кеңес өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында іссапармен жүрген Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов бүгін қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату жөнінде кеңес өткізді.
-
Ұшақ апаты. Тірі қалғандардың жағдайы туралы айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда дәрігерлер ұшақ апатынан жапа шеккен екі адамның денсаулығы жайлы айтты.
-
Жер мәселесі: Заңгер жерді конкурспен беру тәртібін жеңілдетуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер даулары бойынша заңгер, сарапшы Бақытжан Базарбек жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салуды көздейтін заң жобасына қатысты пікірін білдірді.
-
Әшімбаев ұшақ апатынан қайтыс болғандардың туысқандарына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.
-
Көлгінов тағы бір сақалды құрылысты пайдалануға беретінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерінде жүріп жатқан жұмыс жайлы айтты.
-
Ұшақ апаты: Зардап шеккендер туралы ақпарат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 наурыз күні ҚР ҰҚК Шекара әскерлері ұшағының Алматы қаласы әуежайының жанында Қызыл Ту кенті маңында апатты жағдайда қонуына тура келді.
-
ҰҚК ұшақ апатының себептерін анықтап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰҚК-нің сайтында апатқа ұшыраған ҰҚК Авиациялық қызметінің «АН-26» ұшағына қатысты ақпарат жарияланды.
-
Назарбаев апаттан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті АН-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
-
Сағынтаев АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақ апатынан зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетуді тапсырды.
-
ТЖМ ұшақтары шұғыл медициналық көмек қажет нәрестені ауруханаға жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» ұшақтары шұғыл көмек қажет жаңа туған нәресте, бала және үш ересек адамды тасымалдады.
-
Ұшақ апаты: Президент қаза болған әскерилердің туыстарына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңайында құлаған әскери ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
-
Ұшақ апатынан кейін Алматыда рейстер кешіктірілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшып шыққан АН-26 ұшағы апатынан кейін Алматы әуежайындағы рейстер кешіктіріліп жатыр.
-
Бас мүфти Каирдегі халықаралық конференцияға қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында басталған «Діндер мен мәдениеттер арасындағы диалог» атты Ислам істері жөніндегі Жоғары кеңестің 31-халықаралық конференциясына қатысты.
-
Әскери қызметші Болгарияда «қола жүлдеге» ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армия орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушысы лейтенант Руслан Жапаров Болгария астанасы Софияда өткен «Sofia Open G1» халықаралық турнирінде қола медальға ие болды.
-
Ұшақ апатынан 4 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы маңайында әскери ұшақ құлағанына қатысты ҚР ТЖМ ресми ақпарат таратты.
-
Алматыда ұшақ апатқа ұшырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде Алматы маңайында әскери ұшақ құлағаны туралы ақпарат тарап жатыр.
-
Алматылықтарды адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Алматыда КВИ жұқтырған 293 науқас анықталды. Осыған байланысты қала әкімдігі алматылықтарды адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болуға және маска режимін сақтауға шақырады.
-
Арыстық оқушылар «Елбасы медалін» иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек «El Umiti» бастамасымен «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында жүлделі қола медаль иегері атанған оқушыларды қабылдады.
-
Димаштың бейнебаяны MTV USA рейтингін бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Friday Livestream MTV бағдарламасының жүргізушісі Кеван Кенни Димашты рейтингтегі жеңісімен құттықтады.
-
COVID-19: Францияда КВИ жұқтырғандар саны 4 млн-нан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 4 млн-нан асты. Бұл туралы korrespondent.net сайты жазды.
-
Карантин талабына бағынбаған елордалық екі кафе электр қуатынан ажыратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда мониторингтік топтар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Карантиндік шектеулердің бұзылуын анықтау және болдырмау үшін рейдтер елорданың барлық ауданында өткізіледі.
-
Еуропаның 3 елі AstraZeneca вакцинасын қолдануды уақытша тоқтатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбіден бастап Италияның халық көп қоныстанған аймақтарында COVID-19 пандемиясының жаңа толқынына байланысты дүкендер, мейрамханалар мен мектептер жабылмақ.
-
Ауылшаруашылық жерлерін жекешелендіруді тоқтату керек - Төлеутай Рахымбеков
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын мәжіліске жолдағанын айтты.
-
Бірыңғай интеграцияланған білім беру платформасы әзірленіп жатыр - Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіндегі әріптестерімізбен кездесіп, кадрларды даярлау және цифрландыру мәселелерін Бағдат Мусинмен бірге талқыладық, деп жазды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында.
-
Жер мәселесі: Халықтың жерді шетелдіктерге жалға беруге не сатуға қарсы екені дәлелденді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын мәжіліске жолдағанын айтты. Осыған қатысты қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты Мұхтар Тайжан пікір білдірді.
-
Антикор: Бизнеске заңсыз араласып, кедергі келтіру ең ауыр қылмыс ретінде қабылдануы тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов қалалық мемлекеттік мекемелердің қайта құрылған қызметімен танысып, бизнес-қоғамдастықпен және азаматтармен кездесті.
-
Жер мәселесі. Заң жобасы барынша қысқа мерзімде дайындалды – Ерлан Қарин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдағанына қатысты Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин телеграмдағы арнасында пікір білдірді.
-
Жас театрда жаңа қойылымның премьерасы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында Н.Мошинаның «Дүние-Ғапыл» метафизикалық драмасының премьерасы өтті.
-
Павлодар облысында ірі есірткі жеткізушіден 100 млн теңгенің «синтетигі» тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында ірі есірткі жеткізушіден 100 миллион теңгеге «синтетик» тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Әскери қызметшілер арасында президенттік көпсайыстың жеңімпаздары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қарулы Күштерінің әскер түрлері мен тектерінің, өңірлік қолбасшылықтары мен әскери оқу орындарының өкілдері, ең мықты армия спортшылары Президенттік көпсайыстан чемпионатта үздік болу құқығы үшін жарысты.
-
Белгілі журналист «Достық» орденімен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев ТАСС ақпараттық агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусманға 2-дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.
-
Фристайлдан әлем кубогі кезеңі: Жанбота Алдабергенова бірінші финалға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 наурыз күні «Шымбұлақ» шаңғы акробатикасынан фристайлдан әлем кубогінің соңғы кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Үздік стартаптарды қолдайтын жоба басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Hub Invest Day-ге өтінімдер қабылдауды бастады. Үздік 10 стартап өз жобаларын жетекші инвесторларға ұсынуға мүмкіндік алады.
-
Сауда министрі азық-түлік бағасын қалай ұстап тұратындарын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында азық-түлік бағалары мен олардың бағасын қалай ұстап тұратындары туралы жазды.
-
Юрий Аравин «Отан» орденімен наградталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Юрий Петрович Аравинді «Отан» орденімен наградтады.
-
Олжас Бектенов: Азаматтар заңды көмек алу үшін мемқызметшіге сыйлық бермеуі тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласы мен Тасбөгет кентіндегі сервистік әкімдіктердің жұмыс барысымен танысты.
-
Төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 14 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Италия, Шри-Ланка, ҚХР, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді.
-
Ақмола облысында 2 мыңнан астам адам екпе салдырды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында КВИ-ге қарсы вакцинациялау науқаны жалғасуда. Вакцина егудің екінші кезеңінде 2150 адам қауіпті індетке қарсы екпе салдырды. Бұл туралы Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді.
-
«Түнгі қаладағы балалар»: Ақтөбе облысында 53 бала полиция бөліміне жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні полиция бөлімдеріне 53 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, деп хабарлады Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Аида Балаева: Бірнеше басылымды біріктіру – газет-журналды жабу деген сөз емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күні кеше Мәжіліс депутаты Мақпал Тәжмағамбетова бастап, бірнеше халық қалаулысы қостаған топ мемлекеттік баспа басылымдарын «Қазақ газеттері» бірыңғай брендімен біріктіргенде, оның құрамына жасөспірімдер мен балалар басылымдары – «Балдырған», «Ақжелкен» журналдары, «Дружные ребята» және «Ұлан» газеттерінің кіруіне қарсы боп, Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдаған еді, деп жазды ult.kz.
-
Еңбекақы төлеудің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселесі пысықталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті.
-
Қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 7 вирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. М.ғ.д., профессор Владимир Гурцевич қандай вирустар қатерлі ісікке әкелуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ria.ru АиФ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
-
Коронавирус: Үрей құшағындағы бір жыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан бір жыл бұрын қандай едік? Заты тұрмақ, атын да естіп көрмеген коронавирус дегеннің не екенін білмей абдырап жүргенбіз. Біріміз сенбедік, бірімізді үрей алды. Біріміз індеттің таралуына кейбір адамдардың тәртіпке бағынбауы себеп болды десек, енді біріміз билікті жазғырдық. Жер-жаһандағы адамзат атаулының үрейін алған коронавирус біздің елде қалай басталды, қалай өрбіді, елдегі қазіргі эпидахуал қандай? 2020 жылдың әр айында елімізде медицина саласында нендей өзгеріс болып, қандай шаралар қабылданғанын саралап көрсек.
-
Індетке шалдыққан 235 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 наурыздағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды.
-
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары «қызыл» аймаққа қайта енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша 13 наурыз күнгі эпидемиологиялық жағдайдың матрицасы жарияланды.
-
ШҚО-ның шалғай ауылдарын жылжымалы медициналық кешен аралауда
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс өңірінің шалғайда орналасқан елді мекендері тұрғындарын жылжымалы медициналық тексеріспен қамту шаралары басталды.
-
Германияда коронавирустың үшінші толқыны басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Індеттің қайта өршуі ел аумағында британдық штамның кеңінен таралуымен байланысты, деп жазды «Хабар 24».
-
ДДСҰ AstraZeneca вакцинасын қолдануды жалғастыруға шақырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ағылшын-швед фармацевтикалық AstraZeneca компаниясының вакцинасын қолдануды жалғастыруға шақырды. Вакцинацияланған адамдарда қан ұюы жағдайларын тергеу нәтижелері дайын болмайынша қолдана беруді ұсынды.
-
Өткен тәулікте 772 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 772 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 1002 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1002 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
-
Шымкентте 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек 34 862 отбасыға көрсетілді. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.
-
Жаңа Зеландияда карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа ережеге сай тұрғындар топпен жинала алатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Жамбылдық полицейлер Шу қаласында ірі көлемде есірткі затын тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер Шу қаласында ірі көлемде есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Жыл басынан бері 68 карантин талаптарын бұзушылық анықталды – Қызылорда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басталғалы бүгінгі күнге дейін облыста құрылған 45 мониторингтік топ аймақтағы 1 450 нысанға рейдтік тексерістер жүргізген. Нәтижесінде 68 карантин талаптарын бұзушылық анықталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Түркістан облысында пайдаланылмай жатқан 47 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстары барысында Түркістан облысы бойынша былтыр 659 жер иелерінің 86 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері пайдаланылмай жатқандығы анықталған, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Германиядағы турнирде қазақстандық үш боксшы финалға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Германияның Кельн қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде алғашқы финалистер анықталды, деп жазады Olympic.kz.
-
Алматыда қаржы пирамидасымен елді алдаған ерлі-зайыпты ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық ерлі-зайыпты адамдар қаржылық пирамида ұйымдастырған, деп хабарлайды aikyn.kz.
-
Төрт қазақстандық теннисші Дохадағы іріктеу турнирінде жолдамаға таласады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 наурыз күні Катар астанасы Дохада үстел теннисінен Олимпиада ойындарына әлемдік іріктеу турнирі басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Маңғыстау облысында он полигон тазартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тазарту жұмыстары 2024 жылы аяқталмақ. Маңғыстау облысында 2019-2020 жылдар бойынша мұнай қалдықтарымен ластанған 10 полигон толықтай тазартылып, мемлекеттік бақылау органдарына тапсырылды. Бұл жұмыстарға компания есебінен 7 млрд 283 млн теңге қаражат бөлінген, деп жазды inbusiness.kz.
Наверх