ҰҚК ұшақ апатының себептерін анықтап жатыр

13 Наурыз 2021, 20:20
1488
Бөлісу:
ҰҚК ұшақ апатының себептерін анықтап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰҚК-нің сайтында апатқа ұшыраған ҰҚК Авиациялық қызметінің «АН-26» ұшағына қатысты ақпарат жарияланды.

2021 жылғы 13 наурызда Алматы қаласы әуежайына қону кезінде ҰҚК Авиациялық қызметінің «АН-26» әуе кемесі (борттық нөмірі 02) апатқа ұшырады. Бортта 6 экипаж мүшесі болды, оның 4 қаза тауып, 2 ауыр жарақаттармен госпитальға жатқызылды, - делінген хабарламада.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, авиациялық оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанның Тұңғыш Президенті АН-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңайында құлаған әскери ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, Президент тапсырмасы бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды.

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақ апаты болған жерге барып, апатынан зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетуді тапсырды.

Еске сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшып келе жатқан АН-26 әскери ұшағы сағат 17.22-де радардан жоғалып, қала әуежайына шұғыл қонды. Бортта болған төрт азамат қаза тапты, екеуі түрлі жарақаттармен Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы