Үздік стартаптарды қолдайтын жоба басталды

13 Наурыз 2021, 13:10
1655
Бөлісу:
Үздік стартаптарды қолдайтын жоба басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Hub Invest Day-ге өтінімдер қабылдауды бастады. Үздік 10 стартап өз жобаларын жетекші инвесторларға ұсынуға мүмкіндік алады. 

2021 жылдың 15 сәуірінде Орталық Азиядағы ІТ-стартаптардың ең үлкен технопаркі Astana Hub инвестициялық тартымды стартаптарды, сондай-ақ Қазақстандағы венчурлық капитал нарығының маңызы аса зор оқиғаларының бірінде перспективалық жобаларға ақша салуға дайын отандық және шетелдік венчурлық инвесторларды біріктіреді, - делінген хабарламада.

Invest Day Astana Hub - бұл инновациялық стартаптардың санын көбейтуге, серпінді шешімдерді енгізуге, технологияларды енгізуге, өз жобаларын жариялайтын, сондай-ақ венчурлық капитал нарығындағы сарапшылардан кері байланыс алатын және соңында өз жобасына инвестиция тартатын инноваторлар мен стартаптарды қолдауға бағытталған іскерлік алаңы.

Қазақстаннан және шетелдерден шыққан үздік он стартап өз жобаларын әлеуетті инвесторлар мен бизнес-періштелеріне ұсыну мүмкіндігіне ие болады, ал инвесторлар ең үздік стартаптарға ақша салып, тең инвестор табуға мүмкіндік алады. Мысалы, 2020 жылы осы іскерлік алаң CTOgram және ToiDriver стартап-жобаларына 200 мың АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуға көмектесті.

Стартаптар не алады:

• питч декке (презентация) дайындық бойынша кәсіби трекермен жеке кеңес; 

• трекермен презентация жасауды пысықтау (питчке дайындалу);

• инвесторлармен және венчурлық қорлармен сөйлесу мүмкіндігі;

• инвестормен 50 минуттық жеке кездесу (егер инвесторды қызықтырса).

Astana Hub технопаркі баспасөз қызметінің хабарлауынша, стартаперлерге қойылатын басты талап - технологиялық шешімнің, жұмыс істейтін өнім мен клиенттердің болуы. Стартаптың қызмет аясына, саласына ешқандай шектеулер қойылмайды.

Инвесторлар не алады:

• ең үздік жергілікті және шетелдік стартаптарды қарастыру;

• инвестициялық портфельді қалыптастыру;

• тең инвестор табу;

• «Deep Dive» сессиясына кіру мүмкіндігін алу (таңдаулы жобалармен жеке кездесулер).

Стартаптарға өтінім берудің соңғы мерзімі - 28 наурыз сағат 18:00-ге дейін, инвесторлар үшін - 12 сәуір сағат 18:00-ге дейін.


Өзгелердің жаңалығы