Бас мүфти Каирдегі халықаралық конференцияға қатысты

13 Наурыз 2021, 19:03
1840
Бөлісу:
Бас мүфти Каирдегі халықаралық конференцияға қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында басталған «Діндер мен мәдениеттер арасындағы диалог» атты Ислам істері жөніндегі Жоғары кеңестің 31-халықаралық конференциясына қатысты.

Халықаралық жиын қасиетті Құран аятымен ашылды. Мысыр Араб Республикасының Уақып министрі Мұхтар Жұма діндер мен мәдениеттер арасындағы сұхбаттың маңызы жайлы баяндама жасап, дін қайраткерлеріне игі тілегін жеткізді. 

Бас мүфти Каирдегі халықаралық конференцияға қатысты

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы конференция аясында Уақып министрі Мұхтар Жұмамен, Мысыр мүфтиі Шауқи Алламмен және Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Лама Шарифпен сұхбаттасты.

Бас мүфти Каирдегі халықаралық конференцияға қатысты

Айта кетсек, Ислам істері жөніндегі Жоғары кеңестің 31-халықаралық конференциясына 100-ден астам мұсылман мемлекетінің мүфтилері мен ғалымдары қатысуда.

Бас мүфти Каирдегі халықаралық конференцияға қатысты

Қазақстандық делегация құрамында ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов, Нұр-Мүбәрак университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, Нұр-Астана мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов бар.

Өзгелердің жаңалығы