Алматылықтарды адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырды

13 Наурыз 2021, 17:46
2266
Бөлісу:
Алматылықтарды адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Алматыда КВИ жұқтырған 293 науқас анықталды. Осыған байланысты қала әкімдігі алматылықтарды адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болуға және маска режимін сақтауға шақырады.

Өткен тәулікте Алматыда коронавирустық инфекция жұқтырған оң ПТР нәтижесі бар 293 науқас анықталды.

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі аясында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы директорының инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі директорының орынбасары міндетін атқарушы Эльвира Ибрагимова ӨКҚ-де өткен брифинг барысында алматылықтарды санитарлық нормаларға бей-жай қарамауға және барлық сақтық шарасын қатаң сақтауға шақырды, - делінген хабарламада.

Ибрагимова халықты COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың басталуы инфекция тізбегін тоқтатуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Алайда халықтың көп бөлігіне екпе егілгенге дейін, барлық тұрғын мен қала қонағы эпидемиологтардың талаптарын қатаң сақтауы керек. 

Мен осы ауруға қырағылық пен сергектікті жоғалтпауды ұсынар едім. Адамдар көп жиналатын жерден аулақ болу қажет. Алдағы уақытта Наурыз мерекесі келе жатыр, сондықтан бәріміз эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтағанымыз өте маңызды. Яғни адамдар көп жиналатын жерлерге барынша бармай маска тағып, қолымызды жуып, өзімізді барынша қорғауымыз керек, - деп атап өтті ол.

Эльвира Ибрагимова да жүргізіліп жатқан вакцинацияның маңыздылығын еске салып, арнайы медициналық көрсеткіштерсіз вакцинадан бас тартпауға шақырды. Оның айтуынша, вакцинация тек коронавирустық инфекцияны ғана емес, барлық жұқпалы аурудың алдын алудың тиімді шарасы болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес 13 наурыздан бастап ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. 

Сондай-ақ Наурызды жаппай мерекелеуге және басқа да мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.

Өзгелердің жаңалығы