Қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 7 вирус анықталды

13 Наурыз 2021, 10:32
7490
Бөлісу:
Қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 7 вирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. М.ғ.д., профессор Владимир Гурцевич қандай вирустар қатерлі ісікке әкелуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ria.ru АиФ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі күні белгілі бір жағдайларда онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін 7 вирус белгілі. Көп жағдайда олар көптеген адамның ағзасында болады. Әдетте, адам өмір бойы олармен бірге өмір сүреді, сондай-ақ олар ешқандай қатерлі ауруларды тудырмайды. Бұл вирустар тек белгілі бір жағдайларда ғана қатерлі ісікке әкеледі, - деді Гурцевич.

Маманның айтуынша, мынадай вирустар қатерлі ісіктің белгілі бір түрлеріне әкелуі мүмкін:

- В гепатиті вирусы - бауыр обыры;

- С гепатиті вирусы - бауыр обыры;

- Эпштейн-Барр вирусы - Ходжкин лимфомасы, Ходжкин емес лимфомалар, мұрын-жұтқыншақ қатерлі ісігі;

- Адам папилломасы вирустары - бұл вирустардың кейбір түрлері жатыр мойны, ауыз қуысы, жұтқыншақ обырын тудырады;

- Адамның 8 типті герпес вирусы - Капоши саркомасы, кейбір лимфомалар;

- Адамның Т-лимфотропты вирусы - Т-жасушалық лейкоз, Т-жасушалық лимфома;

- Меркель жасушаларының полиомавирусы - Меркель саркомасы.

Гурцевич егер науқаста қатерлі ісік пайда болса, онда бұл вирус жұқтырғаннан кейін бірден пайда болмайды, ол 3-5 жылдан 15-20 жылға дейін созылатын ұзақ жасырын кезеңнен кейін анықталады.

Еске сала кетейік, кеше ОКҚ-де өткен брифингте Диляра Қайдарова атап өткендей, қазіргі таңда коронавирустың қатерлі ісік ауруының пайда болуына әсері туралы көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бірақ, ең алдымен, коронавирус инфекциясы басталғалы аса көп уақыт өте қойған жоқ, тиісінше, мұндай мәлімет те тіркелмеді. Бір ғана мәселе бар, ол коронавирустан кейін өкпе фиброзы пайда болады, ал, ол өкпе қатерлі ісігін тудыратын себептердің бірі саналады.  



Өзгелердің жаңалығы