ДДСҰ AstraZeneca вакцинасын қолдануды жалғастыруға шақырады

13 Наурыз 2021, 08:45
1335
Бөлісу:
ДДСҰ AstraZeneca вакцинасын қолдануды жалғастыруға шақырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ағылшын-швед фармацевтикалық AstraZeneca компаниясының вакцинасын қолдануды жалғастыруға шақырды. Вакцинацияланған адамдарда қан ұюы жағдайларын тергеу нәтижелері дайын болмайынша қолдана беруді ұсынды.

Дегенмен қазірдің өзінде 10 елде препаратты қолдану тоқтатылды.

ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус жағдайды мұқият бақылап отыратындығына сендірді.
ДДСҰ кейбір елдерде екі партиялы дозаны қабылдаған кейбір адамдарда қан ұюы туралы хабарламалар негізінде AstraZeneca вакцинасын қолдануды тоқтатқанын біледі. Бұл шара тергеу амалдары жүргізіліп жатқан кезде сақтық шарасы ретінде қабылданды. Еуропалық дәрі-дәрмектер агенттігінде вакцина мен қан ұйу арасында байланыс белгілері әлі байқалмағанын және дәрі-дәрмекті қолдануды жалғастыра алатындығын атап өту маңызды. Осы оқиғалар туралы толық хабардар болғаннан кейін, нәтижелер мен нұсқаулыққа енгізілген кез келген өзгертулер қоғамға дереу жеткізіледі, – деді ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус.

Өзгелердің жаңалығы