«Мың бала» ұлттық олимпиадасына тіркеу басталды

13 Наурыз 2021, 22:32
14290
Бөлісу:
«Мың бала» ұлттық олимпиадасына тіркеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 наурызға дейін ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысушыларды тіркеу жүргізіледі.

Олимпиадаға еліміздегі ауыл мектептерінде соңғы екі жыл бойы білім алып жатқан 5 және 6-сынып оқушылары қатыса алады.

Жеңімпаздар еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші білім беру ұйымдарында және Елбасы Академиясы жанындағы «Birge Oqý» онлайн мектебінде оқуға мүмкіндік алады.

«Мың бала» олимпиадасы 2020 жылы 295 мың оқушыны, 600 мың педагог пен ата-ананы тікелей қамтыды.

Олимпиада онлайн-тестілеу форматында өтеді. Ол І және ІІ-кезеңнен тұрады:
І кезең. Вербалды-логикалық ойлауды бағалау бойынша тапсырмалар беріледі.
IІ кезең. Когнитивті қабілеттер бағаланады, логикалық және кеңістіктік ойлау машықтарын, сондай-ақ қатысушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін анықтайтын тапсырмалар беріледі.

Олимпиадаға тіркелу https://1000bala.elbasyacademy.kz сайтында өткізіледі. Барлық сұрақтар бойынша  8 800 080 48 48  call-орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.

Өзгелердің жаңалығы