Еуропаның 3 елі AstraZeneca вакцинасын қолдануды уақытша тоқтатты

13 Наурыз 2021, 16:03
1421
Бөлісу:
Еуропаның 3 елі AstraZeneca вакцинасын қолдануды уақытша тоқтатты

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбіден бастап Италияның халық көп қоныстанған аймақтарында COVID-19 пандемиясының жаңа толқынына байланысты дүкендер, мейрамханалар мен мектептер жабылмақ. 

Католиктік Пасха мерекесі кезінде, 3-5 сәуірде, карантин бүкіл елде күшіне енеді. Жергілікті тұрғындарға үйден қажетсіз шығуға тыйым салынды.

Польшада пандемия басталғалы 2 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырған, ал соңғы тәулікте жаңа жұқтырғандардың саны 21 мыңнан асты. Ел астанасындағы ауруханалар тез толып кетуі ықтималдылығынан, ел билігі ауруханаларға жүктемені жеңілдету үшін Варшавада және басқа қалаларда шектеу шараларын енгізбек, аталған шаралар дүйсенбіден бастап күшіне енбек.

Португалияда, керісінше, індетті жұқтырғандар мен ауруханаға жатқандардың саны баяу төмендей бастаған, сондықтан кейбір шектеу алынып тасталмақ, келесі аптадан бастап балабақшалар, бастауыш мектептері, шаштараздар мен кітап дүкендері қайта ашылады.

Дания, Норвегия және Исландия AstraZeneca вакцинасын қолдануды уақытша тоқтатты, өйткені бірнеше екпе қабылдаған адамда қан ұйығыштық пайда болып, бір адам қайтыс болған. Алайда ДДСҰ аталған ақпаратты зерттей келе, AstraZeneca вакцинасы мен қан ұйығыштықтың арасындағы байланыстың ешқандай дәлел жоқ екендігін айтып, екпеден бас тартуға себеп жоқ екендігін мәлімдеді.

Францияда індеттің таралуының жаңа өсімі байқалған, төрт айда алғаш рет тәулік ішінде анықталған вирус тасымалдаушылардың саны 27 мыңнан асқан екен. Билік жағдайы ауыр науқастарды індет аз таралған аймақтарға тасымалдауды жоспарлап отыр.


 

Өзгелердің жаңалығы