COVID-19: Францияда КВИ жұқтырғандар саны 4 млн-нан асты

13 Наурыз 2021, 16:47
2228
Бөлісу:
COVID-19: Францияда КВИ жұқтырғандар саны 4 млн-нан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 4 млн-нан асты. Бұл туралы korrespondent.net сайты жазды.

13 наурыздағы Worldometer сайтының статистикасы бойынша 4 015 560 жағдай тіркелді.

Сонымен ел COVID-19 індеті бойынша әлемде алтыншы орында, АҚШ (шамамен 30 млн жағдай), Бразилия (11,4 млн), Үндістан (11,3 млн), Ресей (4,4 млн) және Ұлыбритания (4,3 млн).

Еуропада Франция Ұлыбританиядан кейін екінші орында тұр.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте 25 229 жаңа жағдай тіркелген. Францияның 65 мыңға жуық тұрғыны коронавирус ауруының асқынуынан қайтыс болды. Өткен тәулікте 223 жағдай тіркелді.

Соңғы мәліметтер бойынша әлемде коронавирустың 119,6 млн жағдайы тіркелді, 2,7 млн адам қайтыс болды және 96,2 млн адам емделіп шықты.

Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1002 адамда коронавирус індетін жұқтырды. 

13 наурыздағы мәлімет бойынша, елімізде 18 658 адам коронавирус инфекциясынан (14 277 КВИ+ және 4 381 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 827 пациент стационарда, 13 831 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы