Індетке шалдыққан 235 адамның жағдайы ауыр

13 Наурыз 2021, 09:50
1487
Бөлісу:
Індетке шалдыққан 235 адамның жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 наурыздағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды.

13 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 658 адам короновирус инфекциясынан (14 277 КВИ+ және 4 381 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 827 пациент стационарда, 13 831 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 235 адамның жағдайы ауыр;
• 44 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 11 наурыздағы мәлімет бойынша 55 жағдай тіркеліп, 1 жағдай өліммен аяқталған. 181 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 49 749, өлім жағдайлары - 653, барлығы 44 715 адам сауығып шықты.


Өзгелердің жаңалығы