Жамбылдық полицейлер Шу қаласында ірі көлемде есірткі затын тәркіледі

13 Наурыз 2021, 06:27
1333
Бөлісу:
Жамбылдық полицейлер Шу қаласында ірі көлемде есірткі затын тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер Шу қаласында ірі көлемде есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 10 наурызында Жамбыл облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, тінту кезінде жеке тұрғын үй аумағынан жалпы салмағы үш жарым келіден асатын кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді.

Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, Шу қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осыған байланысты үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы