Маңғыстауда Амал мерекесі тойланды

13 Наурыз 2021, 23:44
2396
Бөлісу:
Маңғыстауда Амал мерекесі тойланды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында “Адай ата-Отпан тау” тарихи-мәдени кешенінде ынтымақ пен бірлікке шақырар дәстүрлі мейрам – Амал мерекесі аталып өтті.

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы мерекелік шара Маңғыстау облысының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, барлық карантин талаптары сақтала отырып, шағын топпен өткізілді.
Шараға Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов пен өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты.

Маңғыстауда Амал мерекесі тойланды

Мерекелік кеш «Адай ата - Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің Ақсарай музейінде фотограф С.Майемеровтің «Маңғыстаудың фотошежіресі» атты көрмесінен басталды.
Қарашаңырақ алаңында облыс әкімі Серікбай Трұмов, кешен идеясының авторы Сабыр Адай бастаған азаматтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 тал екті.

Маңғыстауда Амал мерекесі тойланды

Бірлік пен ізгіліктің, тұрақтылық пен татулықтың белгісіне айналған Бірлік отын жағу рәсімінде өңір басшысы аталмыш мейрамның мән-мағынасына тоқталып, жиналғандарды Амал мерекесімен құттықтады.
Былтыр әлемді шарпыған қауіпті індеттің өршуінен дәстүрге айналған «Бірлік отын» жағуға мүмкіндік болмады. Халықтың амандығы мен саулығы басты назарға алынды. Елді бірлікке шақыратын, ортақ мүддеге ұйыстыратын жақсы дәстүр үзіліп қалмас үшін биыл барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра, шектеулі адаммен «Бірлік Отын» тұтатқалы отырмыз. Бұл - Халқымыздың бостандыққа, Еліміздің Егемендіке жету жолында жанын қиған бабалар рухына тағзым. Тәуелсіз Қазақстанның бірлігінің символы! Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, елдік пен бірліктің, ырыс пен берекенің арқауы болған Амал қажырлы еңбектеріңізге толағай табыс әкелсін! – деді Трұмов.
Отпан таудың бауырында Бірлік оты жағылып, ақсақалдар батасын берді.

Маңғыстауда Амал мерекесі тойланды

Шара соңында Балықшы ата ұрпақтары Алау жағу эстафетасын Жеменей руының өкілдеріне салтанатты түрде табыстады.

Маңғыстауда Амал мерекесі тойланды


Өзгелердің жаңалығы