Жыл басынан бері 68 карантин талаптарын бұзушылық анықталды – Қызылорда

13 Наурыз 2021, 05:20
1944
Бөлісу:
Жыл басынан бері 68 карантин талаптарын бұзушылық анықталды – Қызылорда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басталғалы бүгінгі күнге дейін облыста құрылған 45 мониторингтік топ аймақтағы 1 450 нысанға рейдтік тексерістер жүргізген. Нәтижесінде 68 карантин талаптарын бұзушылық анықталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Оның ішінде халыққа қызмет көрсету нысандарындағы бұзушылық саны – 43, үй жағдайларында ұйымдастырылған мерекелік-көпшілік іс-шаралар саны – 11, көпшілік орындарда шоғырлану деректері – 5.

Анықталған 68 карантин талаптарын бұзушылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 4 725 540 теңге айыппұл салынды.

Карантин талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке кәсіпкерлікке қатысты – 4, лауазымдық тұлғаға – 2, нысандарға қатысы бар жеке тұлғаларға – 51, нысандармен байланысты емес жеке тұлғаларға қатысты 1 әкімшілік хаттама толтырылған, – деп жазылған әкімдіктің ресми сайтында.


Өзгелердің жаңалығы