Все новости за 3 қыркүйек 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елді 28 жыл басқарған Эмомали тағы да сайлауға қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстанның халық демократиялық партиясы қазіргі басшы Эмомали Рахмонды президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды. Мұндай шешім бейсенбі күні өткен партия съезінде қабылданған.
-
Шымкенттегі атыс: 5 күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент мейрамханасындағы атысқа қатысты бес күдікті ұсталды. Полиция өзгелері іздестіріліп жатқанын хабарлады.
-
Жолдауда маңызды істер көрініс тапты – Сенатор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауына қатысты сенатор Еділ Мамытбеков пікір білдірді.
-
Абай-175. Шығыста "Абайтану" институты ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абайдың 175 жылдығына орай С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде "Абайтану" ғылыми-зерттеу институты ашылды.
-
Биыл Қарағанды облысында 3 мыңға жуық үйге газ беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл Жезқазған, Қарағанды және Теміртау қалаларында орналасқан тұрғын үйлер алғаш рет орталықтандырылған газбен жабдықтауға қосылатынын айтты.
-
ҚХЛ: "Барыс" жеңіспен бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымының бірінші ойынында ригалық "Динамоны" жеңді.
-
"Тур де Франс". Қазақстандық шабандоз жеңімпаз атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін велоспорттан әйгілі "Тур де Франс" додасының алтыншы кезеңі аяқталып, "Астана" командасы мен Қазақстан құрамасының капитаны Алексей Луценко жеңіске жетті.
-
Қызылорда облысында екі ауданға әкім тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімдері бойынша Жаңақорған және Сырдария аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды.
-
Жазасын өтеушілермен кездесуге рұқсат берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 20 тамыздағы №49 қаулысына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде сотталғандардың туыстары және жақындарымен кездесуі үшін дайындық шаралары жүргізіліп жатыр.
-
Сенатор коронавирустың екінші толқынан сақтану шараларын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты, журналист Нұртөре Жүсіп коронавирус індетінің екінші толқынынан сақтану шаралары жайлы айтты.
-
Цой: 12 инфекциялық аурухананың құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысындағы Талдықорған қаласына барып, Еркін ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты. Медициналық нысан бір ауысымда 100 азаматқа медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсете алады.
-
Қала құрылысының кадастры салық төлемдерін 14% арттырады - министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қала құрылысы кадастрының инфрақұрылымдық деректерінің бірыңғай геоақпараттық платформасы (МҚК ИДБГП) арқылы мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
-
Еуропа чемпионатының іріктеу матчы жанкүйерлерсіз өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Черногория жастар құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчы жабық өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Шымкентте карантин талабын бұзғандарға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде карантин режимі енгізілгеннен бері Шымкентте 513 құқық бұзушылық орын алған. Оның ішінде 407 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылған. Құқықбұзушылықтардың 351-ін арнайы құрылған мобильді топ өкілдері анықтаған.
-
ШҚО-да праймеризге қатысушылардың басым бөлігі әйелдер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясының праймеризіне Шығыс Қазақстан облысынан 1054 кандидат тіркелді.
-
МӘМС: Студенттерді тіркеуге қолдау көрсетіледі
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы Медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп, қаланың 39 жоғары оқу орнымен МӘМС жүйесіндегі студенттерді сақтандыру мәселелері бойынша онлайн-жиын өткізді.
-
Болгарияда тағы шеру
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпсіздік қызметкерлері 80 тәртіп сақшысының зардап шеккенін мәлімдеді, деп хабарлады Balkan Insight.
-
«Мың бала». Ұлттық олимпиада жеңімпаздары тізіміне кімдер ілінді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Елбасы академиясы елдегі заманауи білім беру ресурстарына қол жеткізетін 1000 жеңімпаздың тізімін жариялады.
-
10 қыркүйектен бастап Алматыда тұмауға қарсы екпе салу басталады
Алматы, BAQ.KZ. 2020 жыл 10 қыркүйекте Алматы қаласында тұмауға қарсы екпе жүргізу басталады. Тұмауға қарсы тегін екпені 400 000-нан астам алматылық алады.
-
Тоқаев қаржы нарығын дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың есебін тыңдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Алматыда мемлекеттік қызметті үйден алушылар қатары артты
Алматы, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының қызметкерлері осы жылдың 7 айында үй-үйге барып 2 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.
-
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастық күшейе түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мен Моңғолияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Л.Баттулга мырза кездесу өткізді.
-
Саясаттанушы: Сайлаудың қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде таза өтуі маңызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Nur Otan праймеризіне үміткерлерді тіркеу аяқталып, қорытындысы шығарылды. Мәслихат және Парламент Мәжілісіне өз кандидаттарын ұсыну үшін партияішілік іріктеудің мұндай жүйесі елімізде алғаш рет енгізілуде.
-
Танымалдарды өзге қырынан танытқан «1 минут»
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ тілінің байлығын паш ететін «1 минут» атты тележоба көрермендерге жол тартады. Бүгін Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында тележобаның таныстырылымы өтті.
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дмитрий Малахов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
-
«Оралмандарға» 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін күтуге тура келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрлігі 2020 жылдың 27 тамызында 2016 жылдың 28 қаңтарындағы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
-
COVID-19: Бір тәулікте мыңға жуық түркістандық тест тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында соңғы бір тәулік ішінде 944 азаматтан коронавирус инфекциясын анықтайтын сынама алынды.
-
Атырау облысында 722 жұп ЭКО кезегінде тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл облыста 37 жұпқа экстракорпоральды ұрықтандыруға квота берілді.
-
Биыл «Талдықорған – Өскемен» автожолы пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына барып, ірі инфрақұрылымдық жобалар мен мемлекеттік даму бағдарламаларының іске асырылу барысын тексерді.
-
Демалыс және мереке күндері шектеу шаралары сақталады – Бекшин
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада шектеу шаралары кезең-кезеңімен жеңілдетілгенімен, демалыс күндері кейбір нысанның жұмыс істемейтінін мәлімдеді.
-
ТЖД Алматыда ауа райының күрт бұзылуына байланысты ескерту жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды.
-
Теміржол билеттерін қайтару бойынша WhatsApp нөмірі іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Билет қайтару мәселесін жедел шешу мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ 3 қыркүйектен бастап WhatsApp +7-707-270-36-64 мессенджерін іске қосты.
-
Шәкіров: Жолдау – елдің одан әрі дамуының берік негізі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп аталуы оның еліміздің алдындағы сын-қатерлер мен қауіптерді еңсеру жөніндегі аса шұғыл әрі жан-жақты шараларға бағытталған мазмұнын паш етіп отыр.
-
«Самұрық-Қазына» әлемдегі ең озық холдингке көшу әдісін сәтті жүзеге асыруда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры инвестициялық кірісін көбейтіп, портфельдік компанияларын дамытатын инвестициялық холдингтің ең озық, тәуелсіз үлгісіне көшу жұмысын сәтті жүзеге асырып жатыр.
-
Райымқұлова Тоқаевқа есеп берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Елордада аз қамтылған отбасы балаларына арналған оқу орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталықта 300-ге жуық бала оқи алады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
-
Египет пирамидалары пандемия басталғалы бері алғаш рет ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз айының ортасынан бастап пандемияға байланысты жабылған Египеттің әйгілі пирамидалары туристер үшін қайта ашылды, деп хабарлайды Associated Press.
-
Алматы автобустарына қашан Wi-Fi орнатылады?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов онлайн брифинг барысында қаладағы автобустар Wi-Fi құрылғысымен қашан қамтылатынын айтты.
-
Мыңнан астам жас елорданы көгалдандыруға атсалысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бес жыл ішінде орман қорына 2 миллиардтан астам және елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Автобустағы камералар 1800-ге жуық адамның маска тақпағанын анықтаған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы автобустарына қойылған камера бір ай ішінде 1773 жолаушының маска тақпағаны анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы Мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов онлайн брифинг барысында айтты.
-
Зейнет жасы төмендетіле ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте бұл сауалға ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді.
-
Шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді бизнес субъектілері 2021 жылдың соңына дейін жеңілдікпен несие ала алады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Барлық мұғалімнің жалақысы көтеріле ме? Аймағамбетов жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы онлайн брифингте спикерлер журналистер жолдаған сауалдарға жауап берді.
-
Спорт клубтарынан қысқартылған қаражат қайда жұмсалады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов онлайн брифинг барысында жауап берді.
-
СІМ басшысы Иранның Қазақстандағы елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Маджит Самадзадэ Саберді қабылдады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
-
Қазақстандық вакцинаның ресейліктен айырмашылығы неде?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға арналған онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді.
-
Дәрігер күзде коронавирус кеңінен таралмас үшін не істеу керектігін айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы екпені салу коронавирус инфекциясының кең таралуына жол бермейді.
-
«17 қыркүйекте елді қайта карантинге жабады деген ақпарат рас па?». Тоғжанов жауабы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифинг барысында жауап берді.
-
Карантинде той жасаған Әли Оқаповтың қайын жұртына айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында Атырауда «Асыл» тобының әншісі Ақерке Бүркітбайдың ұзату тойы өткен. Бұл тойдың карантинде ұйымдастырылғанына байланысты 41 мың теңге айыппұл салынды.
-
Спорт саласындағы педагогтардың жалақысы жыл сайын 25%-ға өседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Үкімет үйінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
Құрылысшыларда бірыңғай техникалық тіл болмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда алғаш рет құрылыста жіктеудің және кодтаудың бірыңғай жүйесі әзірленді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
-
Қазанда ауылдарға жылжымалы медициналық кешендер келеді
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қазан айынан бастап еліміздің шалғай аудандарына жылжымалы медициналық кешен жұмысын бастайды.
-
Елімізде қанша адам спортпен шұғылданатыны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде қанша адам шұғылданатынын ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Үкімет үйінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
Зейнетақы жинақтары емдеуге қалай жұмсалады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделу үшін қалай мақсатты түрде пайдалануға болатынын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында түсіндіріп берді.
-
Неміс инвесторы Қарағанды облысында үшінші КЭС салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында қуаттылығы 26 МВт күн электр станциясы пайдалануға берілді. Жыл сайын күн паркі шамамен 34 млн кВт*сағ электр энергиясын өндіреді деп жоспарлануда.
-
Зейнетақы қорындағы ақша арқылы қандай үй алуға болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тұрғын үй жағдайын жақсату үшін кімдер қандай жағдайда үй ала алатынын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте айтып берді.
-
Отандық фармацевтиканы дамыту жоспарда бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігі отандық фармацевтиканы халықаралық стандарттарға сай дамыту жөнінде Индустрия және иннфрақұрылымдық даму министрлігіне ұсыныс енгізбек.
-
Дәрігерлердің жалақысын көтеру үшін қанша қаржы қажет?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін 222 млрд теңге қажет бөлінді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға арналған онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.
-
Нұрымбетов зейнетақы қорындағы ақшаны кімдер алатынын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Президенттің Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы онлайн брифингте ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Жеткіліктік шегі» деген не? Ол қалай есептеледі? деген сұрақтарға жауап берді.
-
1 күнде 3 бала терезеден құлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте еліміз бойынша балалардың терезеден құлауының 3 оқиғасы тіркелді. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
-
Кім қандай жағдайда зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы онлайн брифингте ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
-
«Саналы ұрпақ» 2,5 жылда не бітірді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің білім саласындағы жемқорлықпен күресетін «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесі 2,5 жылда атқарған жұмысы туралы жетекшісі Қайыржан Тоқышев айтып берді.
-
Бірыңғай әлеуметтік кодекс әзірленеді
Нұр-Сұлтан.BAQ.KZ тілшісі. Елде бірыңғай әлеуметтік кодекс әзіреленетін болады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға арналған онлайн брифингте ҚР Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
-
Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларына айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әуежайы мен жекелеген әуе компанияларының карантин талаптарын бұзуына қатысты айыппұл салынды. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитария дәрігері Сәдуақас Байғабылов айтты.
-
БҰҰ басшысы: Сovid-19 пандемиясы террористік әрекеттің күшеюіне әкелуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық пандемия – бұл денсаулық сақтау саласындағы ғана емес, сонымен бірге халықаралық қауіпсіздік саласындағы дағдарыс.
-
Жетім балалардың қажеттілігі қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, елімізде бес миллион баланың 26 мыңы - жетім бала. Олардың 78%-і қазіргі уақытта қазақстандық отбасыларда патронаттық тәрбиеге, қамқорлыққа алынған.
-
Жыл соңына дейін Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл органның басты міндеті базалық ставка мен оның дәлізінің мөлшері жөнінде шешім қабылдау.
-
Қарағанды облысында мал жаюға арналған жайылымдар қалпына келтірілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында құрғап қалған дала алқаптары қайтадан мал жаюға жарамды болады.
-
Жолдауда білім саласына қатысты өзекті проблемалар көтерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Жолдауы - еліміз үшін жыл сайын басшылыққа алынатын басты құжат. Бұл туралы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Саясаттану кафедрасының доценті, саяси ғылымдар кандидаты Меруерт Түлебаева айтты.
-
«Бұл жерде бір шикілік бар». «Қара бүркіт» түрме бастығының әпкесі мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қара бүркіт» түрмесінің басшысы Арман Әбілевтің туысы «ТоболИнфо» ақпарат агенттігіне жүгінген.
-
Зорлық-зомбылық саны неге көбейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы әлі де өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Пандемия кезінде отбасылық зорлық-зомбылық саны артып кеткенін де білеміз. Осы орайда, сарапшылар зорлық-зомбылықтың пайда болу себептерін айтуға тырысты.
-
Карантин кезінде табысынан айырылған қанша адам біржолғы төлем алды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 қыркүйектегі жағдай бойынша биылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 607 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең.
-
COVID-19: 19 науқастың жағдайы аса ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 6 459 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
-
Пневмониядан 6 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 571 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді.
-
Мемлекеттік орталық музей келушілерді қабылдай бастады
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2 қыркүйектен бастап келушілер үшін музей залдары жұмыс істейтінін хабарлады.
-
Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына шыға алмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына шыға алмады.
-
Павлодардың орталық стадионындағы жөндеу жұмысы аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мониторингтік топ мүшелері Павлодар қаласындағы бас спорт аренасындағы жұмыстарға оң бағасын берді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
Өткен тәулікте 596 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 596 адам коронавирустық инфекциядан жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 88 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 88 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
-
Қызылордада 6 ескерткішке археологиялық зерттеу жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл алғаш рет Сырдария ауданындағы ортағасырлық Асанас қалашығына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Археологтар қалашықтың қақпасын, қорғаныс қабырғалары мен мұнараларын, тұрғын үй орындарын аршуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова мәлімдеді.
-
Қарағандылық азамат интернет алаяққа алданып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының тұрғыны интернет алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Өзбекстан азаматынан ақша бопсалаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 тамызда 44 жастағы Өзбекстан азаматы полицияға бопсалау туралы шағыммен жүгінді. Сол күні екі ер адам оған күш қолданып, өздерімен бірге алып жүрген. Бірақ кейін 500 мың теңге ақша әкелуді талап етіп, босатқан, деп хабарлайды azh.kz.
-
Жамбылдық диқандар тиімді дақылдар өндірісіне көшуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру тұрғысынан өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
-
Волейболдан Қазақстан командасы оқу-жаттығу жиынына қатыспайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Волейболдан Қазақстан командасы биылғы маусымда қандай да бір халықаралық турнирге қатыспайды. Бұл туралы волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев мәлімдеді деп жазды Olympic.kz.
-
Елімізде интернет, ноутбук, дәрі-дәрмек және жерлеу рәсімі қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы сегіз айда азық-түлік бағасы – 7,3%, азық-түлік емес тауарларына – 3,4%, ақылы қызметтерге 2% қымбаттады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті.
-
Түркияда коронавирус эпидемиясының екінші толқыны басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда коронавирустың екінші толқыны өтуде, деп хабарлайды РИА Новости.
-
Өскеменде Абайтану институты ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі іргелі оқу орындарының бірінде Абайтану институты ашылды, деп хабарлайды 24.kz.
-
Жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйінде тағы көлік тізгіндеген – Павлодар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тереңкөлде жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде қайта көлік рөліне отырған. Жүргізушіге қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Наверх