Алматы автобустарына қашан Wi-Fi орнатылады?

3 Қыркүйек 2020, 14:52
1240
Бөлісу:
Алматы автобустарына қашан Wi-Fi орнатылады?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов онлайн брифинг барысында қаладағы автобустар Wi-Fi құрылғысымен қашан қамтылатынын айтты.

Қазір автобустарға Wi-Fi  енгізу бойынша мердігерлер операторлармен келіссөз жүргізіп жатыр. Осы уақытта жеке кәсіпкер келіссөзге қол жеткізді. Алдағы уақытта қаладағы Электротранстың бір бөлігіне Wi-Fi  енгізіледі. Жабдықтарды кезең-кезеңімен орнату жұмыстары басталып кетті. Шамамен қазан айының соңы мен қарашаның басында Wi-Fi  қосылған алғашқы 50 тролейбус қызмет көрсете бастайды. Ары қарай автобустарға орнату жұмыстары жүргізіледі. Мердігерлер бұл бағытта жұмыс істеп жатыр, сондықтан автобустарға кезең-кезеңімен Wi-Fi  орнатылады, - деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, ол қаладағы тролейбус желісіндегі кабелді ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
Алдымен жер астымен өтетін кабелдерді ауыстырамыз. Олардың ауыспағанына 50 жылдай болған. Содан кейін барып қана желі бойындағы сымдар ауыстырылады. Иә, көше бойынша сымдардың үзілгенін жиі көреміз. Оның барлығы ескірген, 70 пайыздайын ауыстыру керек. Бұл жұмыстар 2021 жылдың соңына қарай аяқтаймыз, - дейді Әділов.
Өзгелердің жаңалығы