Қала құрылысының кадастры салық төлемдерін 14% арттырады - министрлік

3 Қыркүйек 2020, 21:05
2661
Бөлісу:
Қала құрылысының кадастры салық төлемдерін 14% арттырады - министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қала құрылысы кадастрының инфрақұрылымдық деректерінің бірыңғай геоақпараттық платформасы (МҚК ИДБГП) арқылы мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске ҚР ИИДМ, "Атамекен" ҰКП, мүдделі мемлекеттік органдар, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері, құрылыс салушылар қауымдастығы мен құрылыс компаниялары қатысты, онда МҚК ИДБГП жүйесі, сондай-ақ оны қолдану мүмкіндіктері ұсынылды.

Қазіргі уақытта Министрлік "Мемқалақұрылыскадастры" РМК-дағы және жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) инженерлік желілер, бас жоспарлар және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарлары бойынша ұсынған деректермен платформаны толтыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұдан әрі барлық деректерді толтыру кезінде ЖАО мен табиғи монополиялар субъектілері ведомстволық бағынысты аумақтарды дамытуды тиімді жоспарлай алады, халықтың жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасай алады және абаттандыру элементтерімен қамтамасыз ете алады.

Жеке инженерлік желілер жүйесі болмаған кезде табиғи монополиялар субъектілеріне және мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыруға қатысушыларға мемлекеттік қала құрылысы кадастрының МҚК ИДБГП жұмыс істеуге рұқсат берілетін болады. Бұл оларға өз жүйесін әзірлеуге арналған шығыстар мен уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. Және инженерлік желілер объектілерін есепке алу мен бақылаудың деректер қорын сапалы жоспарлауға, қалыптастыруға және тиімді пайдалануға шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Осы жобаны іске асыру кезінде енгізуден келесі әсерлерді алу жоспарлануда:

  • халық пен бизнес үшін қала құрылысы кадастры ақпаратына қол жеткізу;
  • жобалау және құрылыс процесінің ашықтығы;
  • рұқсат беру құжаттарының мерзімдері мен тізбесін автоматтандыру және 2 есе қысқарту;
  • мемлекеттік органдар үшін – инфрақұрылымның жай-күйі туралы өзекті және шынайы ақпарат (жобалау, құрылыс кезінде бұзушылықтарды 3 есеге дейін төмендету);
  • инфрақұрылымға бюджеттік инвестициялардың басымдығы;
  • бюджет қаражатын игеруді бақылау және басқалар.

Бұдан басқа, Бірыңғай платформаны іске асыру желілер аварияларының мониторингін жүзеге асыруға және осы шығыстарды 20 %-ке қысқартуға, салық төлемдерінің түсуін 14 %-ке ұлғайтуға, сондай-ақ инфрақұрылым құруға арналған шығындарды 15 %-ке үнемдеуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы