Автобустағы камералар 1800-ге жуық адамның маска тақпағанын анықтаған

3 Қыркүйек 2020, 14:33
2930
Бөлісу:
Автобустағы камералар 1800-ге жуық адамның маска тақпағанын анықтаған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы автобустарына қойылған камера бір ай ішінде 1773 жолаушының маска тақпағаны анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы Мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, осы жылдың тамыз айында Алматыда қоғамдық көліктердегі маска тағу режимін тексеретін бейнебақылау камерасы қойылған. Пилоттық жоба аясында 120 және 63-ші бағыттағы 4 автобусқа 8 камера қойылған. 
Нәтижесінде 1 773 жолаушының маска тақпағаны анықталды. Оның 1106-ы маска тақпаған, 667 жолаушы масканы дұрыс тақпаған. Бұл жоба адамда маска барын және дұрыс тақпағанын анықтай алады. Сонымен қатар, 3 жүргізушіге ескерту жасалып, сөгіс алды. Алдағы уақытта осы инновациялық жүйені арттыра түспекпіз.  Осыған орай «Алматы көлік холдингі» ЖШС-і мен «Қазақтелеком» АҚ арасында 32 автобусқа бақылау камерасын орнату жөнінде келісім жасалды. Қыркүйек айының соңына дейін осындай жүйеге қосылған автобустардың саны арта түседі, - дейді басқарма басшысы.
Аталған бақылау камералары арқылы түсірілген мәліметтер диспетчерлік қызметке түсіп отырады. Олар бірден автобус жүргізушісіне хабарлайды. Жүргізуші өз кезегінде жолаушыға маска тағуды ескертеді. 
Жолаушыларға маска тағып жүру керектігін айтқым келеді, бұл өзіміздің және айналамыздағылардың қауіпсіздігіміз үшін жасалып отырған шара, - дейді Әділов.

Өзгелердің жаңалығы