Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары тағайындалды

3 Қыркүйек 2020, 17:31
1776
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дмитрий Малахов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының өкімімен Шыңғыс Қайыпұлы Қабдула Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. 



Өзгелердің жаңалығы