«Оралмандарға» 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін күтуге тура келеді

3 Қыркүйек 2020, 17:16
6029
Бөлісу:
«Оралмандарға» 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін күтуге тура келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрлігі 2020 жылдың 27 тамызында 2016 жылдың 28 қаңтарындағы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. 

Онда Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту қарастырылған. 

Соған сәйкес, құжатта «оралман» сөзі «қандас» деп ауыстырылады. 

Қандастар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шетінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар.

Қандастар – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары, - делінген ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» заңының 1-бабында.

Тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ПД бастығының атына және бір уақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді. 

Өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар тігіледі:

1) тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тіркеу осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш; 
2) бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш; 
3) осы Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;
 4) ұлттық паспортының, азаматтығы жоқ адамның құжатының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін); 
5) бірлесіп өтініш берген кезде он алты жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін); 
6) жеке өмірбаяны қазақ немесе орыс тілінде;
 7) оның азаматтығы бар мемлекетінің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұруға арналған рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде жүруі мүмкін (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда); 
8) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе); 
9) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім; 
10) «Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 болып тіркелген) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы; 
11) 14-тен 18-ге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған балалар ата-анасының өтінішіне өзінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімін қоса ұсынады; 
12) өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет.

Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. 

Өзгелердің жаңалығы