Қызылорда облысында екі ауданға әкім тағайындалды

3 Қыркүйек 2020, 22:06
3088
Бөлісу:
Қызылорда облысында екі ауданға әкім тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімдері бойынша Жаңақорған және Сырдария аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды.

Жаңақорған ауданының әкімі болып Рүстемов Руслан Рүстемұлы тағайындалды.

Руслан Рүстемов 1968 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын Қызылорда педагогикалық институтының Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған.

1997-2002 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің аппаратында маман, консультант, Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі.

2002-2010 жылдары – Қызылорда облысының мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары.

2010-2019 жылдары Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы, екі мәрте Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасын басқарған, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Жаңақорған ауданының әкімі, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болған.

2019 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Сырдария ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.

Сонымен қатар, Сырдария ауданының әкімі лауазымына Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы тағайындалды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа аудан әкімін таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Талғат Дүйсебаев 1973 жылы туған. Қызылорда политехникалық институтын "бухгалтер-экономист", Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "заңгер" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жалағаш аудандық жасөспірімдер спорт мектебінде дене шынықтырушы ретінде бастаған.

1994-2004 жылдары Жалағаш аудандық білім бөлімінің есепшісі, Жалағаш ауданы әкімі аппаратының экономика және кәсіпкерлікті қолдау секторының бас маманы.

2004-2011 жылдар аралығында Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болды.

2011-2017 жылдары - Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жалағаш ауданының әкімі ретінде қызмет атқарды.

2017 жылдан бастап, осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Гүлшара Әбдіқалықова жаңа әкімдердің қызметіне сәттілік тіледі.

Өзгелердің жаңалығы