Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларына айыппұл салынды

3 Қыркүйек 2020, 11:22
1427
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан мен Алматы  әуежайларына айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әуежайы мен жекелеген әуе компанияларының карантин талаптарын бұзуына қатысты айыппұл салынды. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитария дәрігері Сәдуақас Байғабылов айтты.

Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы 1-тармағына сәйкес 1 600 АЕК көлемінде айыпұл салынған. Дегенмен, қысқартылған өндіріс аясында елорданың әуе айлағы 2,2 млн теңге айыппұл төледі.Оған елорда әуежайының карантин шектеу шараларын сақтамау себеп болды. Ұшып келетін және кететін жолаушыларға жеке дәліз ұйымдастырылмаған, рейске тіркеу және отырғызу барысында жолаушылар арасында әлеуметтік арақашықтық сақталмаған, терминалда залалсыздандыру кілемшелері төселмеген, перрон автобусының жүргізушісі қолғап кимеген және маскалары да толық емес, - деп түсіндіреді Сәдуақас Байғабылов.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған баппен «Scat» әуекомпаниясына ұшаққа жолаушыларды отырғызу барысында әлеуметтік арақашықтықты сақтамағаны және қызметкерлерді ауысым барысында медициналық тексеруден өткізбегені үшін әкімшілік іс қозғалды.

 «Air Astana» әуе компаниясы да әуе билеттерін сату кеңсесінде қорғаныс қоршауын орнатпағаны және қызметкерлерді ауысым барысында медициналық тексеруден өткізбегені үшін жауапқа тартылды.

Айта кетерлігі, коронавирус індетінің таралына жол бермеу мақсатында елорда әуежайының 3 терминалында 15 стационарлық тепловизор орнатылған. Тепловизор камералары белгілі бір арақашықтықпен орнатылған. Олар ұшып келген және ұшып кететін жолаушыларға қолайсыздық тудырмай адамдардың дене қызуын өлшей алады. Қысқартылған өндіріс мерзімінің аяқталуына байланысты Алматы қаласының халықаралық әуежайына Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы кодекстің 425-бабы 1-тармағына сәйкес 1 600 АЕК көлемінде айыпұл салынды,- деді көліктегі бас санитар.


Өзгелердің жаңалығы