Мыңнан астам жас елорданы көгалдандыруға атсалысты

3 Қыркүйек 2020, 14:47
1283
Бөлісу:
Мыңнан астам жас елорданы көгалдандыруға атсалысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бес жыл ішінде орман қорына 2 миллиардтан астам және елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шара еліміздің көгалдануына зор үлес қосады. Сондай-ақ, ҚР Президенті қазіргі уақытта елорданың айналасындағы жасыл белдеуді ұлғайту мәселесі де маңызды екенін атап өтті.

Аталған жұмыстарды атқаруға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша арнайы компаниялардан бөлек, «Жасыл ел» студенттік құрылыс жасақтары да атсалысты.

Биылғы еңбек маусымында Нұр-Сұлтанда жұмыссыздар, студенттер және көп балалы отбасылар қатарынан 1200 жас жұмысқа орналастырылды. Олардың 731-і көпбалалы отбасылардан шыққан немесе 14-17 жас аралығындағы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жастар.

Балалар жұмыс жасайтын арнайы киіммен қамтылған. Көлемі 11 502, 2 га болатын Жасыл белдеуде жұмыс істеді. Сонымен қатар, олар қаладағы жасыл алаңдарға қамқорлық жасап, 275 350 тал мен қайың, ұсақ жапырақты шырша, қарағай, көктерек, шие, терек көшеттерін қопсытып, суарды.

«Жасыл ел» жобасына қатысқан ересек топтағы жастар қаланың құрылыс нысандарында жұмыс істесе, жасы кішілер саябақтарда, скверлерде, қаланың оқу орындарының маңындағы аумақтарды көгалдандыру және жинаумен айналысты.

Өзгелердің жаңалығы