1 күнде 3 бала терезеден құлап кетті

3 Қыркүйек 2020, 11:54
1998
Бөлісу:
1 күнде 3 бала терезеден құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте еліміз бойынша балалардың терезеден құлауының 3 оқиғасы тіркелді. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында Нәжімеденов көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйде бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала құлап кетті. Алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды. Ақтауда бес қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2017 жылы туған бала бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Павлодар облысының Қалқаман ауылында төрт қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, - делінген комитеттің мәліметінде.
Көптеген жағдайда балалардың құлауы ата-ананың қараусыз қалдыруынан және жақын маңдағы ересектердің немқұрайлы қарау себебінен болады. Көбіне балалардың құлауы күндізгі уақытта болады.
Өзгелердің жаңалығы