Зейнетақы жинақтары емдеуге қалай жұмсалады?

3 Қыркүйек 2020, 12:37
1747
Бөлісу:
Зейнетақы жинақтары емдеуге қалай жұмсалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделу үшін қалай мақсатты түрде пайдалануға болатынын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында түсіндіріп берді.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделу төлеміне пайдалану үшін салымшы Денсаулық сақтау басқармалары жанынан арнайы құрылған комиссияларға жүгінеді деп болжануда. Медициналық көмек көрсету қажеттілігі туралы комиссияның қорытындысын алғаннан кейін, емделуден өту үшін клиниканы таңдағаннан кейін салымшы емделуге ақы төлеу үшін төленген зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану жөніндегі өтініммен уәкілетті операторға жүгінеді. Оны ҚР Үкіметі айқындайтын болады, - деді министр.
Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен медициналық көмек алуға азаматтарды жіберу қағидаларын, тәртібін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі анықтайды.
Салымшы зейнетақы жинақтарын басқаруға беру үшін жеке қаржы компаниясын таңдауды БЖЗҚ-ға өтініш беру арқылы жүзеге асырады. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындайтын болады, - деді Нұрымбетов.
Бұл тұжырымдамалардың тетіктері белгіленді. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша осы жылдың аяғына дейін қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылданатын болады.
2021 жылдан бастап азаматтарымыз осыған дейін айтылған тәртіппен жинақтарының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік алатын болады, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы