«Саналы ұрпақ» 2,5 жылда не бітірді?

3 Қыркүйек 2020, 11:33
2696
Бөлісу:
«Саналы ұрпақ» 2,5 жылда не бітірді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің білім саласындағы жемқорлықпен күресетін «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесі 2,5 жылда атқарған жұмысы туралы  жетекшісі Қайыржан Тоқышев айтып берді. 

«Саналы ұрпақ»  жобалық республикалық кеңсесі - ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің салалық кеңсесі. Біз 2018 жылы құрылғанбыз. Бұл жобаны Алматы  қаласының әкімдігі, ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы және әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті қолдаған. Біздің жұмыстар қоғамдық негізде атқарылып келеді. Белсенділеріміз - Алматы қаласының студенттері. Негізгі мақсат - барлық білім беру мекемесінің ұжымына жемқорлықтан таза қоғам идеясын ұқтырып, біріктіру. Өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа мәдениетке тәрбилеуді де мақсат еттік, - дейді Қайыржан Тоқышев.
Осы бағыттар бойынша «Саналы ұрпақ» жобалық республикалық кеңсесі бірінші кезекте Алматы қаласындағы білім басқармаларымен жұмыс жүргізеді. 

Сонымен қатар, жобалық кеңсенің ұсыныстарын мектептерде, колледжерде, университеттерде сынақтан өткіземіз. Содан кейін республиканың барлық өңірлеріне ұсыныстарымызды таратамыз. 2,5 жылдан бері осылай ұйымдастырылып келеді. Шілде айын онлайн конференция арқылы еліміздің барлық өңіріндегі мектеп, колледж директорлары мен университет ректорларымен өткен оқу жылын қорытындыладық. Сөйтіп, алдағы жаңа оқу жылына жаңа міндеттер алдық. Биылғы оқу жылы басқаша басталып жатыр. Яғни қалыптасқан жағдайға байланысты қашықтан оқуға мәжбүр. Оқу орындарының басшыларына 1-курсқа қабылданған студенттерге сол университетте қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру жайлы ұсыныс бергенбіз, - дейді «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі.

Өзгелердің жаңалығы