Шымкенттегі атыс: 5 күдікті ұсталды

3 Қыркүйек 2020, 23:38
1062
Бөлісу:
Шымкенттегі атыс: 5 күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент мейрамханасындағы атысқа қатысты бес күдікті ұсталды. Полиция өзгелері іздестіріліп жатқанын хабарлады.

otyrar.kz сайтының хабарлауынша, бұған дейін департамент өкілдері 3 күдіктінің ұсталғанын мәлімдеген. Олар Алматы қаласында ұсталған. Кінәсін мойындаған.

Айта кетейік, 10 тамыз күні Шымкент қаласында Қ. Қазиев көшесінде орналасқан "Гранд-Прага" мейрамханасында атыс болып, екі адам жарақат алған болатын. Біреуі оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі ауруханаға жеткізілген еді.

Өзгелердің жаңалығы