Өзбекстан азаматынан ақша бопсалаған

3 Қыркүйек 2020, 06:44
1278
Бөлісу:
Өзбекстан азаматынан ақша бопсалаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 тамызда 44 жастағы Өзбекстан азаматы полицияға бопсалау туралы шағыммен жүгінді. Сол күні екі ер адам оған күш қолданып, өздерімен бірге алып жүрген. Бірақ кейін 500 мың теңге ақша әкелуді талап етіп, босатқан, деп хабарлайды azh.kz.

Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, күдіктілерді – 37 жастағы Атырау тұрғыны мен Жылыой ауданының 41 жастағы тұрғынын ұстады. Заттай айғақ – алған ақша тәркіленді.

Бұған дейін бірнеше рет сотталған жылыойлық тергеу абақтысына қамалды, екіншісі сотқа дейін үйқамаққа алынды.

Қазіргі кезде ҚК 194-бабы («Бопсалау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, күдіктілердің деструктивті діни ағым ұстанушылары екені анықталды, - деп хабарлады ПД.
 



Өзгелердің жаңалығы