Абай-175. Шығыста "Абайтану" институты ашылды

3 Қыркүйек 2020, 23:08
2620
Бөлісу:
Абай-175. Шығыста "Абайтану" институты ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абайдың 175 жылдығына орай С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде "Абайтану" ғылыми-зерттеу институты ашылды.

Университеттің абайтанушы ғалымдары көптеген жылдар бойы Абай шығармаларын зерттеп, абайтану бойынша көптеген әдістемелік әдебиеттер шығаруда. Бүгін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Абайтану" ғылыми-зерттеу институтының ашылуы болды, – дейді ҒЗИ директоры, филология ғылымдарының докторы, абайтану бойынша көптеген ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының авторы Айжан Қартаева.

"Абайтану" ғылыми-зерттеу институтының ашылуына ШҚО әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат пен педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ПББҒХА академигі, ХАА академигі Н.А. Завалко қатысты.
Өзгелердің жаңалығы