ШҚО-да праймеризге қатысушылардың басым бөлігі әйелдер

3 Қыркүйек 2020, 20:10
1614
Бөлісу:
ШҚО-да праймеризге қатысушылардың басым бөлігі әйелдер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясының праймеризіне Шығыс Қазақстан облысынан 1054  кандидат тіркелді. Бұл туралы бүгін партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте айтты.

Жалпы тіркеу қорытындысына сәйкес партияішілік іріктеуге қатысуға Шығыс Қазақстан  өңірінен 1065 үміткер ұсынылып, олардың 1054-і кандидат ретінде тіркелген. (944 кандидат офлайн тіркелсе, 121 кандидат онлайн режимінде тіркелді.) Жалпы 1054  азаматтың 432 – әйелдер (41%), оның ішінде 18 көп балалы аналар. 247-і – 35 жасқа дейінгі жастар (23,4%), сондай-ақ, 14 – қандас, 8 – ерекше қажеттіліктері бар азаматтар бар.
Олег Чугунковтың айтуынша  318 адам партияның бастауыш ұйымдарынан, 736 өзін-өзі ұсынушылар. Баспасөз мәслихатында филиал төрағасының бірінші орынбасары осы апта (31 тамыз - 6 қыркүйек аралығы) кандидаттарды үгітке даярлау яғни, олардың үгіт материалдары мен кездесулер кестелерін дайындауына арналған кезеңі екенін тілге тиек етіп, іріктеудің ең жауапты кезеңі үгіт-насихат жұмыстары 7 қыркүйектен басталатындығын жеткізді,- деп қорытындылады Nur Otan партиясы ШҚОФ төрағасының  бірінші орынбасары.
Еске салар болсақ Елбасы, партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партияішілік сайлау тұңғыш рет республикалық ауқымда өтіп жатыр. Ол – партияны «қайта жандандыру» мен жаңғыртудың қорытынды кезеңі болып отыр.
Өзгелердің жаңалығы