Спорт клубтарынан қысқартылған қаражат қайда жұмсалады?

3 Қыркүйек 2020, 13:45
1873
Бөлісу:
Спорт клубтарынан қысқартылған қаражат қайда жұмсалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов онлайн брифинг барысында жауап берді.

Президент кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен қамтудың қажеті жоқ екенін айтты. Бұл спорт клубтарына жыл сайын миллиардтаған қаражат бөлінеді. Нақты қандай сумма бөлінеді? Қаржыландыру қаншалықты қысқарады? Артылған қаражат балаларға арналған тегін секциялар ашуға бағытталады дегенді білдіре ме? деген тілші сауалына ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов былай деп жауап берді.
Президент бұл жұмыс бойынша нақты тапсырма берді. Қазіргі таңда министрлік жергілікті атқарушы органдармен және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорымен бірге тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты міндетті түрде беріп отырамыз, - деп жауап берді вице-министр.
Соңғы сұраққа министрлік толығырақ жауап берді.
Үнемделген қаражаттың барлығы 2020 - 2025 жылдарға арналған дене шынықтыруды және бұқаралық спортты дамытудың аясында қарастырылатын болады. Бұл балалардың және жасөспірімдердің спорт мектептерін дамытуға арналады, - деді Дәуешов.

Өзгелердің жаңалығы