«Самұрық-Қазына» әлемдегі ең озық холдингке көшу әдісін сәтті жүзеге асыруда

3 Қыркүйек 2020, 15:39
1653
Бөлісу:
«Самұрық-Қазына» әлемдегі ең озық холдингке көшу әдісін сәтті жүзеге асыруда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры инвестициялық кірісін көбейтіп, портфельдік компанияларын дамытатын инвестициялық холдингтің ең озық, тәуелсіз үлгісіне көшу жұмысын сәтті жүзеге асырып жатыр. 

Сондықтан, Қор портфельді компанияларды стратегиялық басқару мәселелерімен айналысуда. Соңғы екі жылда олардың көрсеткіштері жақсарып келеді.

Бүгін онлайн брифинг өткізген «Самұрық-Қазына» Қорының стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры Ләззат Боранқұлова инвестициялық үлгіге ауысудың шарттары мен оның нәтижесі қандай болатынын айтып берді.

Боранқұлова атап өткендей, әлемдегі тәуелсіз қорлар сияқты, «Самұрық-Қазына» да енді ел ішіндегі инвестициялармен қатар, шет елдерге салатын инвестиция көлемін арттырады.

Ал, «Самұрық-Қазына» қоры жекешелендіру бағдарламасын, жалпы, өзі жасап шығарған инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру есебінен өз портфелінің сапасын жақсартып, оны тиімді басқаруды, Қазақстан Республикасының аумағы сияқты, шет елдік нарықтарға да жаңа инвестициялар салуды көздеп отыр. Яғни, инвестициялық холдингтің үлгісіне ауысып, портфельдерді белсенді пайдалану – «Самұрық-Қазына» қорының келесі даму сатысына айналады.

Біз әлемдегі тәуелсіз Қорлардың қатарына ұмтыламыз. Біріншіден, «Самұрық-Қазына» қорының бақылаушы ретіндегі үлесі бар компаниялардың ортақ активіндегі қордың үлесі 95% құрайды. Әлемнің тәуелсізTemasek және Khazanah қорларындағы бұл үлес 27 және 28% құрайды. Ал, басқарудағы активтердің бақылау активіндегі үлесін азайту порфельдерді басқару әдісін өзгертеді. Және біз портфельді компаниялардағы өрмекшінің торындай операциялық сұрақтардан кетіп, инвестициялық табыстарға назар саламыз, - дейді ол.
Екіншіден, Ләззат Боранқұлова атап өткендей, биржаларда кодталатын таза активтердің құн үлесі қазір «Самұрық-Қазына» бойынша 14% құрап отыр. Ал, Temasek және Khazanah қорларындағы бұл көрсеткіш тиісінше, 58 және 30% құрайды.
Жекешелендіру мен инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру аясында біз бұл көрсеткішті 80% жеткізуді жоспарлап отырмыз. Осылайша, биржаға «ҚазМұнайГаз», «Эйр Астана», «Тау-кен самұрық», «Қазақстан теміржолы» компанияларының активтері шығады. 2018-2019 жылдары Самұрық-Қазына Астана және Лондон биржаларына «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының 25% акциясын сәтті шығарды, - дейді ол.

Ол «Самұрық-Қазына» қоры инвестицияны 100% Қазақстан аумағына салатынын мәлімдеді.

Басқа тәуелсіз қорлардың ел ішіндегі инвестициясы 25% аспайды, қалғанын шетелдік инвестицияларға айналдырған. Дегенмен, енді, Үкіметтің мақсаты - мемлекеттің экономикаға араласуын төмендету және шектеу болып отырғандықтан, активтердің құнын өсірудегі әлеуетті мүмкіндік ретінде, «Самұрық-Қазына» шет елдерге де инвестиция салмақ, - деп хабарлады стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директор.

Боранқұлованың айтуынша, бірлескен инвестиция көптеген нарыққа жол ашып, барлық қатысушы үшін тәуекелдерді азайтады.

Мысалы, соңғы жылы қор бірнеше инвестор тартты. Қазіргі таңда, «BBA France» атты еуропалық компаниямен бірге, 100 млн доллар көлеміндегі бірлескен инвестициялық жоба туралы келіссөз жүріп жатыр. «Самұрық-Қазына» қорының мақсаты - экономиканы әртараптандыру туралы ұлттық мақсатқа сай келеді. Және Мемлекет басшысының халыққа арнаған соңғы жолдауында айтылғандай, экономиканы әртараптандыру бұл тек қажеттілік емес, баламасы жоқ амал. Осы бағыттағы жұмыс аясында Қор 2028 жылға қарай, Қазақстан Республикасының аумағына салынатын инвестиция көлемін таза табыстың 2-10%-ына, ал, халықаралық тікелей инвестициялық көлемін таза табыстың 4-20% жеткізуді жоспарлап отыр, - деп түйіндеді Ләззат Боранқұлова. 

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Самұрық-Қазына қоры жалғыз акционері - ҚР Үкіметіне 120 млрд теңге дивиденд төлеп, 2020 жылы Ұлттық қорға 50 млрд теңге жөнелткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы