Кім қандай жағдайда зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады?

3 Қыркүйек 2020, 11:40
3106
Бөлісу:
Кім қандай жағдайда зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы онлайн брифингте ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Ел Президенті халыққа Жолдауында әлеуметтік салада біршама тапсырма берді. Оның ішінде зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігі, - деді министр.
Президент тарапынан тұжырымдамалық шешім қабылданды. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін келесі жағдайда пайдалануға мүмкіндік берілді:

- Тұрғын үй жағдайын жақсартуға;
- Емделуге;
- Қаржы компанияларға басқару үшін аударуға.

Кімдер қандай жағдайда жинақтың бір бөлігін ала алады?

- Жұмыс істеген және жұмыс істеп жүрген азаматтар, яғни бірыңғай зейнетақы қорында жарналары бар азаматтар. Егер де олардың жиналған сомасы «жеткіліктілік шегінен» асып жатса. Бұл жерде негізгі қағидат қордағы жиналған ақшаларды болашақ жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын төлемдерге арналған. Президент айтқандай, мақсат – оның бәрін таратып беру емес. Қажетті бөлігі қалуы тиіс. Одан асқан ақшаны азаматтар өз еркімен шексіз пайдалануға мүмкіндігі бар. Мұндай азаматтар саны 530 мың адамды құрайды.

- Зейнет жасына жеткен кісілер. Егер де ол кісілердің жинақтаушы қорында қаражаты болса. Бұл санаттағылар қаражаттың 50%-ына дейін ала алады. Олардың саны 178 мыңнан асады. Оның ішінде құқық қорғау органдарының зейнеткерлері де бар. Бір ғана шарт бар – ол зейнетке шыққан азаматтардың мемлекеттен алып отқан зейнетақысы мен БЖЗҚ сомасын қосқанда зейнетке шыққандағы табысының кемінде 40%-дан төмен болмауы керек. Елімізде бұл көрсеткіш 60%-ға жетіп отыр. 

- Зейнетақы аннуитетін ресімдеген және әлі де жинақтары бар азаматтар – БЖЗҚ-да қалған соманы. Олардың саны шамамен 13,3 мың адам. 

Осылайша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігін 721 мыңнан астам қазақстандық пайдалана алады, – деді Біржан Нұрымбетов.

Өзгелердің жаңалығы